Жыл сайын 29 қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзінде инсультпен күрес күні атап өтіледі (WorldStrokeDay), 2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты ғаламдық індет деп жариялады, ал 2006 жылы инсультпен күрес бойынша Дүниежүзілік ұйыммен(WorldStrokeOrganization, WSO), осы сырқатпен дүниежүзілік күресте жедел белсенді әрекетке қоғамнның назарын аудару мақсатында, бұл күн Дүниежүзінде инсультпен күрес күні белгіленді.
Әлемде инсульттың таралушылығы 33 млн. адамды құрайды, оның ішінде: 87% ишемиялық инсульт, 10% геморрагиялық және 3% торлы қабық астына қан құйылу, жалпы сырқаттанудан 25-44 жастағы инсульпен сырқаттану 60% құрайды.
Қазақстан Республикасында инсультпен сырқаттану 1000 тұрғынға 3,7% құрайды (Ресей – 2,39% және Германия – 1,82% салыстырғанда көрсеткіштер жоғары). ДДСҰ деректері бойынша Қазақстанда инсульттан өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға 1,08% құрайды және Ресейден кейін үшінші орында тұр (1,17%).
Ұлттық нейрохирургия орталығының деректеріне сәйкес ҚР-да жүйке жүйесі ауруымен сырқаттану құрылысы келесі түрде: инсульт 52% құрайды, оның ішінде 29% еңбек етуге қабілетті жас тұлғаларында, омыртқаның дегенеративтік сырқаттануы – 4,7%, жүйке тамырларының шеткі жүйесі сырқаттары – 9,4%, ОЖЖ дегенеративтік сырқаттануы – 2,3%. Қазақстанда 30 инсульттік орталық қызмет етеді, 250 мың тұрғынға 30 кереует есебінен құрылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жуырдағы төрт жылда негізгі артықшылығы медициналық көмек көрсетудің біріктігілген моделін енгізу болады, оның ішінде ми қанайналымының жіті бұзылу кезін (өткір инсульт) қоса алғанда, алдын алу, кешенді емдеу, оңалту, диспансерлік тексерілу, сонымен бірге әлеуметтік қызмет қызметтерін енгізу. Өткір инсультті басқарудың біріктігілген моделін енгізудің басты құралы инсульт орталықтарының тиімді жұмысы болып табылады, бұл медициналық қызметтің тиімділігінің артуы мен экономикалық шығындардың төмендеуіне кепіл.
Ми қанайналымының жіті бұзылуының дамуында тәуекелді мінез-құлық факторынның адамға әсері маңызды рөл ойнайды. Темекі тарту, дұрыс тамақтанбау мен семіру, физикалық белсенділіктің болмауы мен алкогольды шамадан тыс ішу, жоғары қан қысымының, диабет пен гиперлипидемия секілді тәуекел факторларының үйлесуі инсульт дамуына қауіпін арттырады. Бұл «тәуекел фактор аралықтарды» бағалау бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі және инсуль, миокард инфаркты, жүрек жеткіліксіздігі және басқада асқынулар даму қауіпінің артуын көрсетеді.
Темкіден тартудан бас тартуда, алкогольды орташа тұтынуда немесе мүлдем бас тартуда, дене массасын орташа деңгейде ұстауда,тұрақты физикалық жаттығулар мен үйлесімді емдәмде, денсаулық туралы өзі қамдануды белсендендіруде көрініс табатын Салауатты өмір салты әрбір қазақстандықта қан айналым жүйесі сырқаттарын тоқтатумен ассоциациалау тиіс.
Он күндік шеңберінде алдын алу бөлімінің қызметкерлерімен ашық есік күні ұйымдастырылды, дәрігер кардиолог, клиникалық фармаколог – Ташенова А.И. шақырылды. Ол жүрек-қантамырлық патологиясы бар барлық науқастарды қабылдады және оларға тәуекел факторы туралы түсіндіріп, бағалы кеңестер берді.
Он күндік шеңберінде профилактика бөлімінің қызметкерлерімен ашыұ есік күні ұйымдастырылды, дәрігер кардиолог, клиникалық фармоколог Ташенова А.И. шақырылды, ол жүрек-қан тамырлық патологиясы бар барлық науқастарды қабылдады және тәуекел факторлары туралы түсіндіріп, бағалы кеңестер берді. Сондай-ақ, «Демеу» ОМОТО профилактика және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің дәлізінде барлық тілек білдірушілерге АҚ, бой, салмақ, дене массасының индексы өлшенді, қандағы холестерин мен қант мөлшерін анықтады. Барлық науқастарға тәуекел факторы туралы ақпарат пен ұсынымдар берілді, оның ішінде қан құрамында қант пен холестерин деңгейін артуына алып келеті туралы және артық салмақтан арылу және т. б. туралы.