Күн тәртібіндегі негізгі мәселе:
А) кәсіподақ комитетінің алғашқы отырысын ашу;
Б) еңбек шартын қайта қарау;
В) кәсіподақ комитетінің комиссия құрамының төрағасын белгілеу.
Алғы сөзбен «Демеу» ОМОТО директоры ЕсдаулетовТ.Т. бастады, ол қызметкерлерді алғашқы кәсіподақ ұйымының құрылуымен құттықтады және енді медициналық орталық қызметкерлері – Кәсіподақ мүшелеріне салалық кәсіподақ пен кәсіподақ комитеті мүшелері ұсынатын бірқатар артықшылықтары бар екенін атап өтті, ал салалық кәсіподақ пен кәсіподақ комитетінің келсі кезеңі – бұл компания басшылығымен Ұжымдық шарт жасасу және бекіту.
Келесі «Демеу» Орталығының заңгері Сулейменова Саида Сайлауовна кәсіподақ комитетін құрудың заңды аспектері туралы айтты, (мәні және рөлі, артықшылығы: қызметкерлерге материалдық көмек, жолдамалар, тегін шипажайлар; қызметкерлердің құқықтарын қорғау туралы: ұсыныстар, өтініштер, шағымдар, қызметкерлердің азаматтық кодексі бойынша тегін заң көмегі; фитнес залдар және т.б.); құқықтық-нормативтік негіз (акттар, қаулылар, сайт туралы: медицина қызметкерлерінің кәсіподақ федерациясы); кәсіподақ комитетінің комиссисяның құрылуы туралы: кассир, ревизор, мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырушы, спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастырушы, және ағымдағы жылға арналған кәсіподақ комитетінің іс-шаралары жоспарын әзірлеу туралы.
«Демеу» Орталығының экономикалық сұрақтар жөніндегі директордың орынбасары Такеева Рамжан кәсіподақ комитетіне қызметкерлердің еңбек ақысынан мүшелік жарнаны(1 %) ұстап қалу тәртібі және т.б. бойынша түсініктеме берді.
Жиналысқа қатысушылармен, 40 адамнан көбірек, алғашқы кәсіподақ ұйымын құру және «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» құрамына кіру туралы шешім қабылданды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы лауазымына бірауыздан «Демеу» Орталығының сарапшы-дәрігері Тулегенова Айжамал Тынарбаевна сайланды.
Комиссиялық мүшелікке: - «Демеу» Орталығының мемлекеттік сауда жасау жөніндегі маманы Шәгірова Г.С. кірді.
Тексеру комиссиясына: бақылаушылар – педиатр-дәрігер Байболова М.К. және бас есепші Балмагамбетова А.Б..
Мәдени-көпшілік секторымен таңдалғандар Орталықтың қоғаммен байланыс жөніндегі маман Музаффарова Г.Д және «Демеу» Орталығының аға мейіргері Нигметова А.А болды.
спорттық-бұқаралық шаралар жөніндегі ұйымдастырушылар – Орталықтың әкімшілік-шаруашылық қызметі жөніндегі басшысы - Шаяхметов А.К және заңгер Карим Е.А.