"Демеу" тарихынан азғана ...
«Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы 2000 жылы «Демеу» моделді отбасылық дәрігерлік амбулаториясы ретінде Астана қаласы Әкімінің шешімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының Әкімшілігі және Американдық Халықаралық Денсаулық сақтау Одағы (АХДО ЮСАИД) арасындағы Өзара түсіністік туралы Меморандумына сай Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік қызметтерді бастапқы денсаулық сақтау саласына енгізу мақсатында ұйымдастырылған. Питтсбург қаласындағы серіктестік АҚШ отбасылық медицинасы орталықтарының және басқа да медициналық ұйымдардың қызметін байқап көруге мүмкіндік берді.
2004-2006 жж. аралығында – Қазақстанда оқу орталығын құру және «Демеу» моделін тарату бойынша ҚР денсаулық Министрлігі, ҚР Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігі және Американдық Халықаралық Денсаулық сақтау Одағы (АХДО ЮСАИД) арасында Өзара түсіністік туралы жаңа Меморандум. Колумбиялық Университеттегі Әлеуметтік жұмыс мектебімен серіктестік құрылды (Нью-Йорк, АҚШ). Ол табысты болып танылды: Питтсбург, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларындағы денсаулық сақтау саласында әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жұмыстың американдық тәжірибесімен танысу әрі зерттеу мүмкіндігі туды. Осының нәтижесінде аталмыш оқу орнының профессорлары мен сарапшылары әлеуметтік жұмыс бойынша 4 бапкер даярлап, «Әлеуметтік жұмыстың негіздері» атты әдістемелік нұсқау әзірледі. «Демеу» негізінде 5 жыл бойы Ұлыбритания мен Кениядан VSO (шетелдегі волонтерлік қызмет, штаб-пәтер, Лондон) халықаралық ұйым саласында әлеуметтік жұмыс бойынша 3 волонтер-сарапшы еңбек етті.
Жаңа әлеуметтік технологияларды одан әрі дамыту үшін БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар Қоры атынан жаңа серіктестер тартылды, 2004 – 2007 жж. «Жастарға қамқор клиникалар» жобасы ойдағыдай іске асырылды, осының нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет Жастар денсаулық орталығы ұйымдастырылып, халықаралық талаптарға сай жеткіншектер мен жастарға қамқор қызметтер енгізілді. Сөйтіп, халықтың күтуі мен мұқтаждығын қанағаттандыратын әлеуметті бейінді, халықаралық сарапшылар алдында әлемдік алғаш денсаулық сақтау жүйесінде асқан моделі ретінде құрмет артқан БМСК моделі, соның ішінде:
- Дәрігерлердің отбасылық тәжірибесі;
- Дербес мейіргерлік тәжірибе;
- халыққа арналған әлеуметтік және психологиялық қызметтер;
- жеткіншектер мен жастарға қамқор қызметтер;
- қоғамдық кеңес, қолдау топтары, емделушілер мектептері, клубтар, волонтерлік қозғалыс, бірлестік озаттарын даярлау арқылы халықпен оңтайлы профилактикалық жұмыс;
- денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- оқу орталығы.
Медициналық ұйымның қызметіндегі жаңа бағыттың іс жүзіндегі тәжірибесі Р.А. Абзалова, Ж.Ш. Тәжікенова, Г.К. Мұқатаева, Г.К. Байсеркина, Г.Х. Құмарова, С.В. Тен, А.Б. Шонова, Б.Ә.Нұрбекова, Г.А. Таушева мен Ж.Ж. Жанабекованың диссертациялық еңбектерінде ғылыми зерттеліп, талданған. «Демеу» орталығы қоғамдық денсаулық сақтау саласында жаңа ғылыми бағыт ашты: алғашқы денсаулық сақтаудағы әлеуметтік және психологиялық жұмыс, медициналық-әлеуметтік кіріктіру. Бұл ғылыми-практикалық тәжірибе елдегі БМСК дамуы, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс бойынша жастарға қамқор қызметтер бойынша нормативтік құжаттардың негізі ретінде қалыптасты.
«Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы елдің денсаулық сақтау саласына әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік технологияларды, дербес мейіргерлік тәжірибені, бастапқы денсаулық сақтау буындағы ұйымдарға жаңа кәсіптік технологияларды енгізу бойынша бастамашы болып табылады.
Бүгінгі күні «Демеу» орталығында отбасылық дәрігерлер мен мейіргерлер, акушер-гинекологтар, акушерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, заңгерлер мамандарынан құрылған топ халыққа медициналық, әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік қызметтер көрсетеді.