Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Еуропа мен Азияның 53 мемлекетінде шығарылатын Еуробюро ДСДҰ «Перекресток» журналы үшін дәрігер Р. Абзалованың сұхаты
14.12.2016
Кардиолог біліктілігі бола тұра, дәрігер Роза Абзалова созылмалы сырқаттары бар пациенттердің өзінің дәрілік емін ұйымдастыру үшін қандай қиындықтар көріп жатқанын және   күннен күнге  оладың әлеуметтік, физикалық пен еңбек қызметі нашарлағанын бақылай отырып, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке көзі жеткен  жақтаушысы  болды. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек саласында оқудан өту  оған  денсаулығының бұзылу терең себебіне тікелей әсер ете отырып, тұрғылықты жері бойынша тұрғындармен жұмыс бастауға мүмкіндік берді.
Ол  қиындықтар туралы айта отыра, мынаны атап өтті: «Заман өзгереді және онымен бірге адамның қажеттілігі өзгереді, жаңа әлеуметтік және экономикалық сын-тегеуріндеріндер, сондай-ақ жаңа кеселдер пайда болады. Біз өзіміздің жұмыста осы өзгерістерге үлгеруге және  әрбір адамға, оның әрдайым өзгеріп отыратын өзінің жеке және отбасылық қажеттіліктерімен, бірегей  бір адам  ретінде қарауға тиіспіз. Бұны тек қана біріктірілген қызмет көмегімен қол жеткізуге болады».
Соңғы 10 жыл ішінде дәрігер Абзалова және оның Астана қаласындағы «Демеу» отбасылық медициналық оқу-тәжірибелік орталығындағы әріптестерінің жұмысы бүкіл Қазақстан бойынша дәрігерлер мен денсаулық сақтау ұйымдастырушылары үшін науқастардың, жеке азаматтар мен тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру мақсатында көрсетілетін қызметтерді қайлайша жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және жетілдіру қажет екенін көрсететін жігерлендіретін үлгі болып қызмет етеді. Халықтың қажеттілігіне бағытталған тәсілдемеге сәйкес «Демеу» Орталығына жақында енгізілген біріктірілген қызметтер арасынан ана мен балаға толық жән уақытылы  көмек көрсету мақсатында патронаж мейіргерлерінің кәсіби дербестік пен тәжірибелік қызметтің  кеңейтілген көлемін, сонымен қатар стационарлықем алғаннан кейін  физиотерапиялық қызметті қажет ететін, саны өсіп келе жатқан науқастар үшін оңалту қызметінің енгізілгенін белгілеуге болады. Мұндай  кемел деңгейіне жету үшін, «Демеу» Орталығы қызметкерлердің үздіксіз біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі, пәнаралық ынтымақтастық үшін  барлық мүмкіндіктерді қолданады, науқастарды денсаулық мәселесі бойынша сауаттылығын арттырады, жергілікті қоғамдастықтармен байланыстарын дамытуды және Орталықта көрсетілетін қызметтер туралы тұрғындады белсенді ақпараттандырады, қанағаттану деңгейін жетілдіру мақсатында шаралар қолдану үшін оны бақылайды.
Алайда, дәрігер Абзалова: денсаулық сақтауды қайта құру бастапқы көмек көрсетумен шектеліп қалмауы тиіс, барлық деңгейлерді қамту керек, себебі жаңа қызмет көрсетуді енгізу өзіндік рөлі бар барлық денсаулық сақтау жүйесіндегі әрбір бөлігіне әсер ететінін ескертті.
Осы қажеттіліктерді  орындау үшін қандай көмек көрсетілді деген сұраққа дәрігер Абзалова Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы  маңызды рөлін ескерді. Басқарма  қызметтерді қайта ұйымдастыруға уәкілетті құқығын берді, қазіргі таңда көрсетілетін қызметтер барлық науқастарға қол жетімді. Ол сонымен қатар қосымша мемлекеттік қаражат келіп түскенін атап өтті. Дәрігер Абзалова «сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық қызметкерлерді, басқаша айтқанда, осы қызметтерді тәжірибеде қолданатындарды, жұмысқа белсенді түрде тарту және олардың  мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту де маңызды» деп түсіндірді. 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться