Іс-шараның модераторы – Әлеуметтік кеңес төрағасы, Шавхат Утемисов. Ашық отырыста парламентарий «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» заң қабылданғанын айтап өтті. Оларды көрсету бойынша Стандарттар реті бекітілді. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен миллиард теңге бөлінеді. 800-ден аса мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 103 мемлекеттік емес ұйымдар. Осы жүйеде орташа алғанда бүкіл елде 30 мың адам жұмыс істейді. Осымен бірге көрсетілетін қызмет сапасы қандай? Қиын өмір жағдайындағы адамдарға көмек көрсетуге бюджеттен бөлінетін миллиардтар қаншалықты тиімді жұмсалады. Бұл тек бүгінгі күні қоғамды мазалайтын сұрақтың бір бөлігі. Күн тәртібінде – «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызметкер мәртебесі туралы» - отырыста денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, министрліктерінің баяндамалары, қрғамдық ұйымдар өкілдері мен депутатарының сөз сөйлеулері тындалды. Отырыста қиын өмір жағдайында қалған тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 2009 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданғанын атап өтті. Бұл қызметті негізгі алушылар болып жалғыз тұратын қариялар және 1 мен 2 топ мүгедектері, психоневрологиялық сырқаттары бар мүгедектер, психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппаратының ақауы бар мүгедек балалар, белгілі баспанасы жоқ тұлғалар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар, адам саудасы және тұрмыстық зорлық құрбандары. Осы жерде, оның ішінде, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр С.Жакупова арнайы әлеуметтік қызмет көрсеті бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және дайындау жүйесі өзгерістерді талап ететінімен барлығы келіседі, себебі қазіргі таңда жоғарыда айтылғандай, қызмек көрсету нарығында жаңа алушылар санаты шықты, олармен осыған дейін жұмыс жүргізілген емес – сотталған тұлғалар, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, адам саудасы құрбандары, тұрмыстық зорлық құрбандары, белгілі баспанасы жоқ тұлғалар. С. Жакупова арнайы әлеуметтік қызметті ұсынуды мемлекеттік одан әрі реттелуін қызмет көрсету нарығының монополиясыздандыру саясатының құрылуынан байқауға болады. Келесі сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова өзінің қосымша баяндамасында Қазақстан Республикасында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму анализін ұсынды. Парламентарий атап өткендей, қызмет сапасы үшін әлеуметтік қызметкер жүктемесін төмендету мәселесін қарастыру қажет. Сондай-ақ, әрекеттегі стандарт әлеуметтік көмекке шынайы түрде қажет ететін барлық егде жастағы адамдарды қамтиды, себебі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілуі мүмкін жасы ұлғайған тұлғалар санаты шектеулі. Отырыста сөз сөйлеу барысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы осы және басқада мәселелер талқыланды және оны шешу жолдары анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша Әлеуметтік кеңеспен тиісті Ұсынымдар шығарылды. Бұл ұсыныстар Үкіметке жолданылатынын Шавхат Утемисов ерекше айтып өтті.
Сонымен қатар «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қызметкер мәртебесі мәселесі туралы» бірлескен отырыс қатысушылары «Демеу» Орталық мамандары: әлеуметтік жұмыс бойынша үйлестіруші Кумарова Г.Х., сарапшы мейіргер Нұрбекова Б.А., әлеуметтік қызметкер Шонова А.Б., отбасылық кеңес беруші Қабдошева Ж.Д., емдеу алдын алу ісі жөніндегі директордың орынбасары Абзалова Р.А. болды.
Абзалова Р.А. «Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс» баяндамасын ұсынды. Тыңдаушыларды денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер ісімен таныстырды, әлеуметтік жұмыс саласындағы негізгі ұғымдар мен ісіндегі бағыттарды берді. Әлеуметтік қызметкер тұлғалық, отбасылық және қоғамдық деңгейде әрекет етеді, тұрғындар мәселесін шешеді, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз байланыста әрекет етеді. Абзалова Р.А. келесі ұсыныстарды берді:
- жоғарғы оқу орындары негізінде әлеуметтік жұмыс жеке кафедраларын ашуға;
- оқыту тренигтері арқылы әлеуметтік қызметкерлер құзыреттіліктерін нығайту және дамыту, кадрларды дайындау және қайта дайярлау ;
- халыққа әлеуметтік қызмет көрсету үшін инфрақұрылымдар құру қажеттілігі;
- МСАК деңгейінде әлеуметтік қызметкерлер лауазымдық біліктілік санатын енгізу;
- әлеуметтік қызметкер тарификатор лауазымын кеңейтуге.
(Мәділіс Баспа сөз қызметімен таратылған Распространено – 746303. Жаслан Куспанов фотолары) Кез-келген материалдарды қолдану Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің ресми сайтына сілтеме арқылы қол жетімді. Дереккөз: http://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id30159/1/1 Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті)