Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
28 желтоқсанда «Демеу» Орталығында орталық қызметкерлерінің бүлдіршіндері үшін жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
01.01.2017
 «Жаңа жыл  – ғажайып,шаттық пен сыйлықтар уақыты. Бұл отбасылық мереке әсіресе  жылдан жылға асыға  Аяз атаның келуін күтетін және әрине сыйқыр мен ғажайыпқа сенетін барлық балаларға өте маңызды және ұнамды.
Жаңа жылдық мереке алдында  «Демеу» отбасылық медициналық Орталығында дәстүрлі балалар жаңа жылдық шыршасы өтті. Үлкен акт залында өткізілген  салтанатты шараға біздің медициналық ұйым  бүлдіршіндері келді. 
Әдемі безендірілген залдың ортасында ойыншықтармен, жылтырақтармен және түрлі түсті гирляндалармен безендірілген жаңа жылдық шарша орналасты.

Құттықтау сөздерін «Демеу» Орталығының директоры Т.Т. Есдаулетов айтты. Ол Жаңа жылда барлығына денсаулық, сәттілік пен жаңа табыстар тіледі.

Осы жылы біздің бүлдіршіндерді үлкен сыйлық және әрине жаңа мерекелік шау күтті. Көңілді музыка үніне және әсерлі биге  залда ең ғажайып қысқы мерекенің басты кейіркерлері шықты – Аяз ата мен Ақшақар, Жалмауыз кемпір, маймыл және әтеш. Ашулы Жалмауыз кемпір шыршаны сыйқырлайды және балалардың мерекесін бүлдіргісі келді.  Ал әтеш пен маймыл еш қалай келесі жылдың иесі кім болатынын шеше алмады. Әнмен,  бимен  балалар кемпірдің көңілін аулады және ол жаңа жылдық шырша шамдарын қайтарды, ал  ұрысып қалған аңдар  балалардан кешірім сұрады және  бұлай істемеуге уәде берді.

Жаңа жылдық шырша  ересектер мен балар үшін нағыз ғажайып мереке болды. Жаңа жылдық мерекеге қатысушылардың барлығы  бірлесе шырша айналасында хормен жүрді, ән айтты, би биледі, жарыстар мен әртүрлі ойындарға қатысты. Мерекеде көптеген ата-аналар болды, олар балалары секілді қуанып, күлды.

Іс шараға жас шамалары әр түрлі 30 шақты балалар қатысты. Барлық бүлдіршіндер өз сыйлықтарын ады.  Мереке барлығына жаппай ұнады және ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ.

Балалардың бақытты күлкісі, мейірімді және шынайы күлімсіреуі мен барлық қатысушылардың шулы қол шапалақтары  - бұл кештің жақсы өткені туралы көрнекі дәлілі. Салтанатты мереке соңында балалар және олардың ата-аналары естелікке фотоға түсті.

 
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться