1 ақпан біздің медициналық Орталықта Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні және оған орайластырылған онкологиялық ауруларының алдын алу мен ерте анықтау онкүндік басталады және 10 ақпанға дейін созылады.
Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 2005 жылдың 4-ақпан жұлдызынан бастап «Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруына қарсы күрес Күні» атап өтіледі.
Дүниежүзілік осы күн мен онкүндіктің мақсаты – тұрғындар мен жұмыс берушілердің назарын осы жаһандық мәселеге аудару; біздің уақытта онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті және кең таралғаны туралы ескерту; онкологиялық ауруларының алдын алу мен ерте анықтау және уақытылы емдеу іс-шаралары туралы тұрғындарды, жұмыс берушілер мен медициналық қызметкерлерді хабардар болуын арттыру.
Онкологиялық аурулардан өлім көрсеткішін төмендету Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылға арналған онкологиялық көмекті дамыту Бағдарламасының мақсатты индикаторы болып табылады. Қазақстанда кездесетін онкологиялық аурулардың басым бөлігі скрининг бағдарламаларын жүргізу жолымен ерте кезеңде (сүт безі, тері, жатыр мойны, өңеш, асқазан, бауыр, жиек және тік шек, қуықылды без ісігі) анықталуы мүмкін. Тиісінше, осы оқшаулаумен ісіктен өлім керсеткішін төмендету онкологиялық ауруларлан жалпы өлім көрсеткішін төмендету үшін сақтық қоры болуы мүмкін.
Алайда, скринингтердің нәтижелеріне қол жеткізу үшін тұрғындардың мына бағдарламаларға белсенді түрде қатысуы керек: медициналық қаралудан өту, сонымен қатар, медициналық ұйымдар мен мамандардың қабылдауы барысында алынған ұсыныстарды орындау, анықталған патологияны уақытылы емдеу. Осы бағдарламалардың табысты копонентерінің бірі болып қызметкерлердің скрининг бағдарламасынан өту үшін жағдай жасау арқылы қызмет берушіні қызықтыру болып табылады.
Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруына қарсы күрес Күні мен онкүндік ісік туралы хабардарлығын арттыту, оның алдын алу мен ерте анықтаудың іс-шараларының маңыздылығы және сырқат туралы қате түсініктен арылу бойынша ортақ күшті біріктіруге мүмкіндік береді.
Он күн ішінде «Демеу» Орталығында емделушілер скринингтен өтуге және мамандардан кеңес ала алады.
Тегін тексерілуден скринингтен өту санатына жататын кез-келген тілек білдіруші өте алады.
Онкологиялық онкүндік іс-шаралары:
1. Ората және жоғарғы сынып қыздарына арналған семинар, тақырыбы: Ерте жыныстық тәрбие АПВ алдын алу.
Лектор: Токтаубаева А.С және Рахимова О.Б
Күні: 03.02.2017ж. 13:30
Өткізілетін орны: №48 мектеп-лицей
2. 06.02.2017ж сағат 15:30 ашық есік күні, ШЖҚ «Демеу» ОМОТО» МКК бекітілген тұрғындары үшін дәрігер онкохирург тегін кеңес жүргізеді. Мекенжайы: Тәуелсіздік к., 11/1, 204 кабинет.
3. 06.02.2016ж., сағат 15:00 семинар – тақырыбы: «Қалқанша безі және ауыз қуысы ісігі», лектор Астана қ. Онкологиялық орталықтан онкохирург Амандосова А., Досан Б.
4. Оқыту тренингтары, тақырыбы: «Онкоскринингқа қалай дұрыс шақыру»
Лектор: Серимов А.М
Күні: 09.02.2017ж. 16:00
Өткізілетін орны: Тәуелсіздік к., 11/1, конференц – зал
«Сізге арналған медицина» газетінде «Онкологиялық сақтық» тақырыбында жариялану. Автор Рахимова О.Б.