Тренинг бағдарламасы: "Үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі үлгісін енгізу". Дәрістерде ерте жастағы балалардың саулығын арттыру үшін отбасы мен патронаж қызметкерлерінің арасындағы серіктестік тақырыбы қарастырылды, қатысушылармен патронаж қызметкерінің жаңа рөлі талқыланды. Әрбір қатысушыға ЮНИСЕФ үлгісі негізінде құрылған үлестірме материалдар, бүктеме, тапсырма және жаттығулар жинағы берілді. Біздің медициналық ұйымда болу барысында қонақтар "Демеу" Орталығының қызметімен таныса алды. Оқудың аяқталуымен тренинтің барлық күндеріне бағалар қойылды, жаңашыл тәжірибені енгізі жөнінде мәселелер талқыға салынды, тыңдаушылармен қорытынды сұрақнама толтырылды. Іс-шараның аяқталуына орай қонақтар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды (КТК және №1-ші аймақтық отбасылық дәрігер Н.Б. Бекованың сырнай аспабындағы музыкамен сүйемелдеуі). Салтанатты жағдайда барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Оқушылар ризашылдығын білдіре отыра жаттықтырушыларға гүлшоқтарын сыйға тартты.
2016-2020 жылға арналған Қазақстан Республикасының «Денсаулық» денсаулықты сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында МСАК жетілдіру және басым дамуы, атап айтқанда, аймақта патронаж қызметін дамыту негізінде денсаулық сақтаудың барлық қызметтерін біріктіруге, мейіргерлік істі дамыту арқылы патронаж қызметін кеңінен енгізу көңіл бөлінді. Мамандар патронаждық қызмет көрсету жөнінде жоғарғы білім алды, патронаж қызметкерінің жаңа рөлі талқыланды. Біз осы оқуды ұйымдастыруда ықтақтастығы үшін құрметті Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Өкілі – Юрий Оксамитноға, ҚР денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлына, Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Әденұлы Байжүнісовке және «Демеу» ОМОТ Орталығы директоры Т.Т. Есдаулетовке алғысымызды білдіреміз.