3 ақпан Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің СӨСҚ жөніндегі мейіргерімен «Нашақорлықтың алдын алу, ҚР–дағы статистика» тақырып бойынша №27 мектеп-лицей 7-10 сынып оқушыларына семинар ұйымдастырылды.
13.02.2017
Дәріскер Нашақорлық және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы, І-санаттағы СӨС-дәрігері Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы оқушыларға қазіргі таңда есірткілердің қандай түрлері бар екенін және адамдар үшін олардың қандай әсері бар екенін айтып түсіндірді. Сонымен қатар тыңдаушылар Қазақстандағы жасөапірімдер арасындағы нашақорлық статистикасымен танысты. Видеороликтер көрсетілді, нашақорлықтың аллын алу бойынша ақпараттық –көрнекті материалдар берілді.