No13 қалалық емхананың мамандары Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні аясында «Қант диабеті бақылауда» атты ашық есік күнін өткізді. Іс-шара барысында науқастармен профилактикалық әңгімелесулер, кеңестер, тар мамандармен кездесулер өткізіліп, барлық науқастарға тақырыптық ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.