Спартакиада 11 спорт ойындары түрінен құрылған, оның алғашқысы конькимен жүгіру спорты сайыс ұйымдастырушыларының салтанатты сөзінен кейін бірден басталды. Конькимен жүгіру спорты (конткимен шапшаң жүгіру) – мұз стадионындағы тұйықталған шеңбер бойымен белгіленген қашықтықты барынша шапшаң өтіп шығу қажет спорт түрі. Шапшаңдыққа жүгіру кезінде арнайы жүгіру сырғысы қолданылады. «Демеу» Орталығы атынан дәрігер-реабилитолог Жандаев Ж.К мен акушер Стручкова В.В. қатысты. Қыздар арасынан жеке жүгіру қорытындысы бойынша Стручкова Вероника жақсы нәтиже көрсетті – 17 секунд/100м және 2 орын алды.
Вероникаға диплом мен ынталандыру сыйлықтыры (флеш-карта және кепке) табысталды. Біздің ұйымның атынан біз әріптесіміздің жеңісімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктерге жетуге тілейміз.