Барлығымыз білетіндей, 1991 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» Крнституциялық заңы қабылданды. Биыл осы тарихи оқиғаға 25 жыл толды. Осы жолыда өткен жылдардағыдай, Астанамыздың медициналық қызметкерлері мемлекетіміздің ұмытылмас даталарынан тыс қалған жоқ. Осыған байланысты, Халықаралық Медицина қызметкерлірінің Күніне дейін, алдын ала функционалдың тестілеумен сарапталған, Астана қаласының түрлі клиникалардан жиналған дәрігерлер тобы аталған мерейтойға арналған спорттық туристік сапарға шықты.
Сонымен, дүйсенбі күні кешке 13-ші маусым, өздерінің жұмыс ауысымын істеп шыққаннан кейін, дәрігер-туристер тобы жүрдек поезда оңтүстікке қарай жол тартты.
1-ші күн. Келесі күні таңертең біздің топ ыстық оңтүстік астанамызға келді. Қалада тоқтамай, біз бірден биіктаудағы мұзайдыны «Медеуге» жеттік, ол жерден автобуста «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасына жылдам жеттік. Мұнда Алматыдағыдай сондай жарық, күн жарқырап тұрды, бірақ суытқаны байқалды. Тау-шаңғылық мезгіл аяқталды, тау бөктері бізді ашық жасыл алқаппен және түрлі түсті шалғын гүлдерімен қарсы алды. Біздің жоспарымыз бойынша біз «Үлкен Алматы Саяхатты» жоспарладық. Бұл Іле Алатау тауларының ең атақты туристік бағыттарының бірі. Ол «Шымбұлақ» тау шаңғылық басзасынан бастап, Үлкен және Кіші Талғар асулары арқылы Сал жақ Талғар, Турист, Қызылсай және Көлді өзендерінің алқаптарын ала отырып, Үлкен Алматы Өзенімен аяқталады. Неге бағыт «Жер шарын айналу» деп аталады. Себебі тау бөктерінің бойымен көтеріле бере саяхатшылар бірнеше геоклиматтық аймақтардан өтеді: тауалды төбешіктері – жаздың басында – бүршік атып жатқан жылу сүйгіш өсімдіктерімен; биік тау алқабындағы көгалдар – қаптап өскен гүлді алқабы; тасты тау бөктері – сарқылған әрдайым жап-жасыл биік шыршалары мен қарағайлары, арашасы мен мүктері; мұздықтар - өздерінің нәзік-мұзды «тілдерімен»; және соңында – басынан қары кетпейтін қарлы таулар, шыңдар мен күн сәулесі түспейтін бөктер.
Саяхатқа шығатын құралдарымыздың дайындығын «Шынбұлақта» тексеріп, біз тауға көтерілуімізді дәл арқанжолдың жанынан, шамамен сағат 11.40 бастадық. Тау шыңдарының өкпек айырмаларын есепке ала отыра ( 300м т.д.ж. Астанада – шам. 1000м т.д.ж. Алматыда – шам. 2200м т.д.ж. Шымбұлақта) және сонымен бірге толы жолқапшық (орташа әр қайсысымыз шам. 18-19кг көтердік), көтеріліп бастау бізге қиынға соқты. Бейімделудің жоқтығы және шартты шек жақындағанымыз байқалды, мұнда тау ауруы бірте-бірте басталуы мүмкін. .
т.д.ж. 2500-3000м биіктікте, әсіресе жылдам биіктікке көтерілу кезінде (біздің жағдайдағындай) бас айналу, жеңіл бағыттан адасу,психо-эмоционалдық салада құбылмалылық басталуы мүмкін. Бұдан қиын жағдайда лоқсы, сана шатасуы, әлсіздік, кетпейтін демікпе пайда болуы мүмкін. Мұның барі - биіктік немесе тау ауруы деп аталатың аурудың симптомдары. Алын алу үшін ацетазоламид (диакарб) қабылдап алу ұсынылады, бізде солай істедік.
Таушаңғы трассасының кең еңсерінен көтеріле келе, біз арқанжолдың бекеттерінің және оның тармақтарының қасынан өттік. Аздап өсімдіктер көптеген кіші жылғалары бар жалаң ылғалды жұмсақ жер аймақтарына орын берді. Шамамен 2700м биіктікте біз қарлы аймақтың шегіне дейін жеттік. Ауық-ауық біресе қатты, біресе жай жаңбыр жауып тұрды. Айналамыздағы жартастар түсе бере, бізге қарай ақшыл тұман бағытталып келді. Үлкен Талғар бекет арқынжол желілерін еңсермес бұрын, ақжаңбырдың өткенін күтіп тамақтанып алдық.
Бірнеше рет дымқыл ірі тасты биіктіктерден бағытымызды ауыстырып, біздің топ кішкене айтарлықтай жайпақ үстіртке шықты – тасты тау бөктерінде - мұнда арқанның ең биік бекті орналасқан. Бұл үстірт Үлкен Талғар асуы, біздің қолымыздағы көптілді кестеде биіктігі 3200м т.д.ж. көрсетілген. Шыңбұлақтан асуға дейінгі дөңбешік (биіктіктің алмасуы шам. 1000м) шамамен біздің 5сағат уақытымызды алды, ал біздің тезірек жеткіміз келді! Бірақ онда бізге қандай керемет көрініс ашылды! Дәл біздің алдымыздан үлкен қара бұлттай қарлы шыңдар жатты. Бұл Богданович мұздығы, атауы поляк-ресейлік Алатау зерттеушісі мен 1911жыл Верненск жер сілкінісі атанан берілген. Сол жақ жасыл желекті шаршаларға толы болды. Артымызға қарай біз қалың тұман ішінде жоғалып бара жатқан еңіс пен тасты шыңдар көрінді, ал ең төменде – интуитивті айырмалы қала.
Асуға келгенде біздің топтың бір бөлігі әртүрлі себепермен Алматыға қайтуды ұйғарды.
Арқанның жоғарғы бекетінен шығысқа төмен қарай оның тағы бір бұтағы жүреді –Кіші Талғар асуына. Соны бағытқа ала отыра, сирейген топ күннің жылуымен қардан босаған, айтарлықтай кең тасты жолмен төмен қарай жылжыды. Жолдың төменгі нүктесіне тез жетіп, біз жіңішке, жақсы басылған соқпаққа шықтық. Тез арады біз кішкене жылғаға түстік, дәлірек айтсам көптегн жылғалардың өзара қосындысына. Мұнде кішкентай көл көрінді, мөлдір суы жағасына келген саяхатшылады шомылуға арбап тұрды. Алайда бұған уақытымызды жоғалтқымыз келмеді, себебі қараңғы түсе бастады, біз тағы бір асуды еңсеруді жоспарладық.
Төмен түсе бере, біз тасқынды суы мол жылға Саурықсайға шықтық, ол өз бастауын Богданович мұздығынан алып жатыр. Аяғымызды осы жылғаға суламай өту мүмкін емес. Алдымен біз басқа мүмкіндік іздеп едік, алайда, олай болмады. Саурықсайдың лай суы жолдастарымыздың бірінің түнемел қабын және кейбір құрал-саймандарын шайып кетті. Заттарды ұстап алу мүмкін болмады - тасқын күш жылғаны толыққанды тау суына айналдырды, төменірек Сол жақ Талғар көлімен қосылды. Жылғадан кейін аяқжоқ жоққа жақындады. Оны іздеуге уақыт жоғалтып, ымырт жабылған кезде топ заттарды шетке қойып, Кіші Талғар асуын өтуді ертеңг қалдырды.
2-ші күн. Таңертең біз жылғаның тоқтағанын байқадық және кешегіден қалған су қорын таңғы асқа қолдандық. Жаңа күшпен топ жасыл орманды жоталар бойынша Кіші Талғар асуына көтерілді, және бөктер шетінен қарап шалғын арасынан беймәлім жатқан аяқжолды аңғардық, оның бойымен Сол жақ Талғар көліне түстік.
Асуды өткеннен кейін бірден көл жағасынан алыстамай, біз саяхатшылардың тоқтауына арналған жақсы жабдықталған тұрақты көрдік. Біздің алдымызда басқа саяхатшылар тобы болғаны көрініп тұрды. Біз тұрақтамауға шештік және алға қарай аяқымызды жылдам бастық. Жан-жақта жақында болған көшулердің салдары: түбімен жұлынған көлемді ағаштар. Күн көзінің жарығы аздап бұлтпен жабыла бастады, ал ол оданда төмен және қарая бастады. Бағыт жолы бойында, біз кішкене гүл алқаптарымен, мұзды суы бар мөлдік жылғалармен қиылыстық, соның бірінде біз тонусты жоғарлату үшін шомылып алдық. Біраз уақыттан кейін орман аяқталып, біз жылғалаған жылғалары бар аумақты жазық тасты алқаптан шықтық. Мұнда биік қой тастарда ұайтыс болған альпинистерне арнап мемориалдық тақтайшалар орнатылған. 60-шы жылдарды соңында осы жерде жергілікті шыңдарды бағындырушы альпинистердің лагері болған. Алайда ол тұрақты сел тасқыны қауіпінен ұзақ болмады.
Бағыттың ұзаруына қарамастан екінші күні жүру жеңілірек болды: қандай да болмасын акклимитизацияға байланысты жасыл желектен оттегі легі болды.
Күннің ортасында біздің алдымыздан терең шұңқыр шықты, іші толған қалың биік шөп, тұтақтар мен альпілік гүлдер - Күн алқабы. Оның артында көне морена өсіп жатқан шыршаларымен жатыр – бөлінген материалдар әртекті қосынды. Морена құрамының әртүрліліні одан өтіп жатқан жылғадан айқын көрінеді: қоңыр түсті сүтті кофе секілді саз балшықтан бастау алып, одан әрі қарай тасқа – мөлдір - көпіршікке айнала бастайды. Моренадан кейін Сол жақ Талғардың ең биік шыңдарының бірі: бейнелі де, күшті қарлы-мұзды шың Конституция (4522 м т.д.ж.) және атақты жазушы шыңы – Пушкин шыңы (4300 м т.д.ж.) көрінеді. Бұл жодан өту біз ойлағаннан көбірек уақыт алды. Кешке жақын Сол жақ Талғардың жасыл алқаппен жабылған бөлігінді біз тамақтануға тоқтадық. Аяқ киәмәмәз толығымен сулана бастады. Топта кейібеулері құрғақ аяқ киімге ауыстырды, ал берулері аяқтағыларын отқа кептірді. Кешкі сағат сегіздерде біз ені 60-70 м көшкінді жолға шықтық. «Жолды» жүйелейтін тастар – бір жарым метр кесе-көлдененнең – қорқынышты аяқ астымызда қозғалып жатыр. Осы тасты жолдан шығып, топ көлдің үзілген жеріне келді – жоғарыдан қарағанда 20метр. Жоғарыда айтарлық үлкен емес тастар болды, алайда олардың жылжымалы болғанына байланысты үстімен жүру қауіпті. Жер жағасына «өскен» тастармен жүруге тура келді (біз солай үміттендік). Қорытынды аймаққа жақындаған сәтте, біз тастармен бірге төмен сырғанай бастадық. Бір уақытта аяқты жылдам басып, сонымен қатар ептілікті жоғалпау керек болды. Соңғы 5 метрді біз бір-біріміздің артымыздан үзілген жерде жатқан тастардан өттік. Топтың соңғы мүшесі төмен құлап кете жаздады. Оның салмағынан алдыңғы өткен адамдармен босап қалған тастар үзілген жерге жылжи бастады, ал соңғы баста өзі жартастан құлап кете жаздады, игі болғанда жақын жолдасы сақтап қалды. Барлығымыз осы аймақтан өтуде адренаниннің қанда шолпығанын сездік! Бірақта алдағы жолға күш бірден қосылды! Біз көлдің жағасымен барынша жылдам (қала үшінде және 16-17 килограмм иыққапсыз) өте жақсы саяхатшылар жолымен жазуы бар жазық далашыққа келдік. Таспен жазылған жазбалар бұрынғы Совет Одағы әр түрлі жерден келген саяхатшылар төсеген, оны жазулар мағынасынан анықталды. Алыстамай біз оттың жанған жерін көрдік, оның үстінде жақын уақытта ғана тамақ дайындалғаны байқалып тұр. Ымырт жабыла бастады, біз бүгінгі күнге максималды қашықтықты өтіп, өзенге жақын жерде түнеуге шештік. Және солай істедік.
Жұлдыздардың жарығымен және жаңбырдың сіркіреуімен біз сарқыраған өзеннен бірнеше метр алшақта 2 лагерьге бөліндік. Аяқ киім мен киімдердің кебетініне біз сенген жоқпыз. Шатырларымызда тамақтандық. Екінші түн біріншіге қарағанда әлде қайда суық болғаны әжептеуір байқалды. Түні бойы жаңбыр жауып шықты.
3-ші күн. Үшінші күннің таңы бізді самал желмен және сергітетін жаңбырмен қарсы алды. Осы күні біз Саяхатшылар асуын өтіп, Қызылсай өзеніне түсуді ойладық. Лагеръден айтарлықтай кеш шығып, жартылай жоғары көтерілген шатқалмен оңтүстік жаққа бет бұрдық. Жасыл-желек байқаларлықтай азайды, ал ауа температурасы төмендеді. Көп ұзамай біз жазықтықта жалғыз тұрған, биіктігі 6м зәуміл тастар тобына шықтық. Тастар өз алдына кішкене шатқал құрған, мұнде бір шатыр сыйып кетер еді, сырттай – әсіресе алыстан қарағанда – көне бастионы еске түсіреді. Бастионда (біз солай атап кеттік) біз қысқа дем алып алдық, бағытымыздың дұрыс екенің анықтап алдық, жылы киімдерді киіп, тамақтанып алдық және айналамыздағы зор және әдемі пейзажды суретке түсіріп алдық. Күн шуағы жылт ете көрініп, одан кейін толығымен аспан мен айналамыздағы тау шыңдарын басқан сұр тұманнан көрінген жоқ.
Өзендердің қосылуынан біздің жол 90 градус батысқа бұрылды және айтарлықтай жоғары болды. Қар шекарасын өте бере, оңтүстік және солтүстік бөктер тау тарамдарынан айқын айырмашлықтарды аңғаруға болады – оңтүстікте ашық жасыл түсті шөп пен гілдер гүлдеді, ал қарама қарсыда – өсімдіктер айтарлықтай болған жоқ; мүнда тек сұр-қоңыр түсті тастар мен қар бөліктері жатыр. Жол бойында біз барлық жерден тастан жасалған пирамидалар көрдік – саяхатшыларға арналған бағыттар, ал тастардың бірінде пирамида орнына ұзын иілген мүйізді таутекесінің бас сүйегі болды. Біздің алдымыздағы саяхатшылар тобының белгісі қайта байқалды – бұл жолы айқын көрінетін аяқ киім табанының протекторының ізтаңбасы. Ал енді баслық өсімдіктер жоқ болды, біз Саяхатшылар өзені жағасы бойындағы тар шатқалмен жүріп өттік. Тар аймақтан өтіп, топ Саяхатшылар мұздығының кең шұңқырына келді. Мұнда тастар мен қар патшалығы! Күпсек қар қар қалыпдығы аздап арта түсті, ал топ жылдамдығы кересінше. Таң ертеңнен жауып тұрған майда жаңбыр күшейіп жеңіл майда қарға айналды. Түскі үзіліс кезінде, бұрын соңды көрмеген тек қана естуіміз бар затты көрдік – таулы бөктерден шағын қар көншінін, тасқұламасын. Дауысы зор шығады екен. Күшейген жел бізге қарайқар шекарасынан артымыздан келе жатқан, тығыз сүтті-ақшыл тұманды айдап әкелді. Аздап шаршап, терең қарға малтып, біз жай қадаммен құзды шыңда орналасқан екі морена көлдеріне шықтық. Олар жартылай мұзбен жабылап жатты.
Оншақты метр жүре тұманның кесірінен алда келе жатқан адам тоқтап қалды. Қысқа ақылдаса , біз бір ауыздан тұман басылғанша тоқтауға шешім қабылдадық. Жан-жағымызға қарап - салыстырмалы тасты жазық жерге тоқтадық. Желмен айғайлап, тісіміз тісімізге тимей қағып шатырларға орын тазарттық. Оларды орнаттық, жарым-жарты жауып, шатырларды үлкен тастармен бекіттік. Қараңғы түсуіне әліде бернеше сағат бар болғанымен осында –тыншымайтын дүлей астында түнейтініміз анық болды. Дымқыл бомайтын синтетика киімде толығымен су болып кетті. Сол сияқты аяқ киімде, арқа дорбада. Шатырларымызда жай қалған жоқ. Казгидромет пен көптеген метеосайттардарға бағыттала топтан ешкім өзімен бірге қыстық шатыр, соған сәйкес қысқы қаптөсек пен жылы аяқ киім алған жоқ. Тағы да бір мағызды мәселе пайда болды – біз өзімізбен бірге су киімдерді ауыстыруға қосалқы заттарды аз алыппыз. Соңында, әйтеуір, кешкі ас ішіп (шілтердегі отты біресе жел, біресе қар сөндіріп отырды), жартылай дымқыл киімде ұйықтадық. Түні бойы таусылмайтын сулы қар жауып тұрды. Шатырларымыз әбден су болып кетті. «Ағып кетіп» немесе қатып қалмас үшін біз түні бойы қайта-қайта шатырдың түбін сүртіп отырдық, сонымен қатар тоңып бара жатқан табандарымызды сыйпадық.
Шамамен 3,5км т.д.ж. биіктіктегі түн барлығы үшін сынақ болды.
4-ші күн. Алайда таңда бізге жеңілдік әкелген жоқ. Жел аздап күшін бәсеідеткенмен, сулы қар мен тұман кеткен жоқ. Сіз үміи еткен күн көзі де түске қарай бірақ көрінді. Әрине, барлығы, бірден киімдері мен заттарын кептіруге тырысты. Күннің көзі тек жарты сағатқа қарамастан, ультракүлгіннің биіктігі мен күшін есептеп, біз қажетті заттардың бір бөлігін кептіріп алдық, ал кейібір жолдастар су мен күн ваннасын бірге қабылдауға тәуекел етті. Осы қызқа демалысты максималды түрде қолданып, тап асуға қарай бет алды. Бірақ оған қарай ешқандай жол боған жоқ. Омбылар астынан бағыттайтын пирамидалар төбелері көрініп тұрды – әртүрлі бағытта! Әлбетте, біз асуға бірнеше жол апарытын білдік. Бірақ осы жағдайда қайсысы дұрыс және қай жерден өтетінін – бізде түсінік болған жоқ. Сондай-ақ, қатысушылардың пікірі бөлінгенмен, топ бірлесе асудың солтүстігіне қарай бет алды (Погребецкий шыңының тарамдары). Біз тайғақ орнықсыз тастармен асу биіктігінің деңгейіне және оны бинокльмен жақсы көрінетін қашықтыққа көтерілдік. Бірақ асудың жотасына жету жолында алдымен терең ойпатқа түсуге тура келді, оның қарлы түбінде жасырын жылғалар бар екені сезілді. Содан кейін, жотаны өтір барып, тас пен қарға шөгінді құздармен жоғары шығу керек болды. Біз азғана демалуға тоқтадық, және дәл сол уақытта қарама қарсы беттегі құздың тар ұзын жолынан тастар құлай бастады. Бұл бізге көрнекті ескерту болды, амалсыздар, біз артқа қайттық. Осы жерден өту қисынсыз тәуекел болатыны анық болды – біздің арамызда нағыз альпинистер болған жоқ. Қайтар жолда қайтадан қолайсыз күн райы болды. Сонымен біз жолды кесіп өтуді шештік, себебі жөнсіз көп уақытымызды жоғалтып алдық. Саяхатшылар асуына шығуда екінші талпынысымыз мінсіз болған жоқ - қалың қардың астында (соның ішінде жаңа жауған) бірде бір аяқ жол немесе көтерілу іздері болған жоқ. Асуды көз жұма өту күдікті болды: зор күртік қар үйінділері бірінен бірі өте биік, төбесіне мұз сеңі ернеудей төніп тұрды. Жағдайымыз солай болсада, компас пен оптика және табандылығымыздың арқасында өзіміздің ісімізді тамамдадық: топ асудың оңтүстік қанатынан көтерілді (Совет Альпинистері шыңы тарапынан). Мұнда тек қана кішкене демалыстарға тоқтап және жетекшіні ауыстырып, біз аяқ-қолдарымызбен белсенді жұмыс істедік терең тайғақ қармен 60-65 градусқа дейінгі өрлерге шықтық. Бір мертге дейінгі трекинг таяқшалары диагоналмен қарға кіріп кетіп отырды, кейде тас бетіндегі мұзға тиді. Алға бізді суық, қатты қарлы жел мен үстіміздегі жазғы киім мен аяқ киім (барлығымызда бірдей тек жазғы кроссовкалар болды, оның бәрі әрине су). Қиындаған жағдай салқын түннен кейін қайта келместей болды. Алайда біздің топ барлық осудардан өтіп, шыңды бағындырдық! Бардығы балаша қуанды. Асу біздікі! 4000м т.д.ж.! Фотосуреттерде қарлы боран кезінде фотопаратқа түскен судың іздері бар.
Енді батыс бағытында – Мутный мұздығы арқылы – Қызылсай өзеніне төмен түсуге тура келді. Жан-жағымызға қарап біз әлсіз көзге көрінетін екі жолды көрдік, соның бірімен біз жол бастадық. Бірден желдің даусы басылды. Төмен түсу жоғары көтерілуден жеңіл болды, бірақ кей жерлерде құлама құздарда кездесті. Асудың осы жақ бері терең күпсек қармен жабулы болды, алайда көруге мүмкіндік айтарлықтай жақсарды. Біраз уақыттан кейін төменде ағып жатқан өзенді көрдік. Бұл – Қызылсай. Күмән болу мүмкін емес – өзеннің жұмсақ жағасы қызыл- қоңыр түсті болды. Өзен арқылы өту керек болды, игі болғанда, бұл жерде ол айтарлықтай кең болған жоқ. Өзеннен өтуде кішкене кедергі шығып қалды: өзеннің жағалары биік және қар жапқан. Олар кей жерде тек судың үстінен өтіп тұрды, бірақ жағадан ол бізге байқалған жоқ. Салқын суға төніп тұрған қармен бірге тұсіп кету қауіпі төніп тұрды. Ақыр аяғында, топ бір уақытта екі жерден аман-есен өтті. Локомотив шыңынан (4182м т.д.ж.) Советов шыңына дейін (4317м т.д.ж.) жота созылып жатыр, соның бойында біздің жолымыз жатыр. Біз қармен жабылған тасты төбешіктермен жүріп өттік, кейде үлкен тастар арасына бойымызбен бірдей құлап тұрдық. Жарақаттанып қалмас үшін әлде қайда жай жүруге тура келді. Қараңғы түсе бастады, қар мен жел күшейі бастады. Жоспарлағандай бүгін Советов шыңына шығуға жарық уақыт қалған жоқ. Барынша алға жүріп, аялдауға орын іздеуге тура келді. Бірақ-та қонатын орын үшін лайықты орынды үзақ таба алмадық: барлық ашық орындар тасты, бөпшікті және қатты желмен ұйытқып тұрды. Соңында, біз өзеннің жанынан үлкен емес ойпат таптық, осында шатырларымызды орнаттық. Алайда бұл түнде де дұрыс ұйықтай алмадық, сулы қармен жаңбыр жауып тұрды. Шамамен біздің бивуактің биіктігі 3500м т.д.т.
5-ші күн. Таңертең сулы қар кше кешкісіндей жауып тұрды. Күннің көзі мүлдем көрініп тұрған жоқ. Тау үстінен қорғасындай ауыр тұман төніп тұрды. Топтың барлық мүшелері әртүрлі деігейде тұмауратып қалды және жағдайлары онша жақсы болған жоқ. Заттарды мүмкіндік болғанша жақсылап кептіру, сонымен қатар еріксіз демалыспен емделуне шешілді. Заттарды газ жанарғысына кептірдік – бұл процес өте баяу және тиімсіз жүрді. Заттардың бір бөлігін тастауға тура келді, себебі оларды ары қарай қолдану мүмкін емес болды. Түстен кейін біз төртінші лагерьден алға жылжыдық. Арқа дорбаларымыздың әжептеуір ауырлап қалғаны сезілді: су барлық заттарға сіңіп қалған. Біз қайта қар жамылған қойтас аумағынан өттік. Бұлттың арасынан ашық-көгілдір аспан көрінді, барлығы жадырай түсті. Бірнеше рет Қызылсайдан бастау алып жатқан жылғалардан өттік. Солардың бірінің жанында топ аялдады.
Біз тоқтамай жүріп келеміз – тоқтауға болмайды! Қандай жағдай болсада бүгін Үлкен Алматы көліне(ҮАК 2560м т.д.ж.) шығу керек, дәл айтқанда осы түнде. Ақыры, топ Қызылсай өзені мен шулы Озернойдың қосылып жатқан жеріне шықтық, осы жолмен жүре келе ұялы байланыс пайда болды. Сағат – шамамен түнгі 2! Жақсы түнейтін орын таптық: керек-жарақтың барлығы бар қонақ үй. Тамақтанып аллсақ дұрыс болар еді – соңғы рет ыстық тамақ ішкен уақыттан үздіксіз жүрумен орташа 11 сағат өтті. Алайда, ешкімнің тамақтануға шамасы жоқ. Төсекке құлап, қар, ай, таулар мен қар барсы туралы түстер көреміз.
6-шы күн. Қорытынды күн. Бүгін 19-шы маусым, жексенбі – Медиктер Күні! Сондай ақ, бүгін күндіз Астанаға қарай пойыз. Сағат шамамен 10-ға қарай тұрып, таза ауада таңғы асты ішуге шештік. Таңғы астан кейін автокөлік жүретін жолмен төмен қарай бет бұрдық. Жолда жалғыз велошабандоздар мен желаяқтар кездесті – салауатты өмірсалын ұстанушылар! Үлкен джип біздің қасымыздан тоқтады – бұл Космостанциядан келе жатқан қызметкерлер – және біздің топты бірге алып кетті. Біз қайта Алматыға, «Қазақфильм» деп аталатын автобкс аяламасына келдік. Біздің де «кино» соңына жетті.
Осылайша әдеттегіден қиын, бірақ өте қызықты саяхатымыз мәресіне жетті. Жоғарыда айтылғанда, біздің шала дайындалуымыз бен ауа райының аяқ астынан өзгеруі ауыр қиындықтарға әкелді. Сондай-ақ, алғашқы бағыталған кестеге үлгермей, біздің топ Советов шығына шыға алмады. Саяхат барысында әрбір қатысышу бірнеше килограмм салмақ тастады. Орташа алғанда бір күнде салмағымыздың 1% жоғалттық! Мұндай экстремалды салмақ тастауды ұсынбаймыз. Есесіне біз бар кеудемізбен таза тау ауасымен демалдық, өзеннің мөлдір суын іштік, туған жеріміздің сарқызмас сұлулығын көрдік!
Өткен жылы Астана қаласы медицина қызметкерлерінің кәсіподағы спорттық туристік саяхатты қаржыландыруға көмек көрсетті. Өкінішке орай, биыл көптеген саяхатшы-дәрігерлер өтініштері жауапсыз қалды. Өте өкінішті. Бірақ біз алда қаралатынына сенеміз, себебі медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау – біздің кәсіподақтың тікелей міндеті.