- «Тіркелген халық тіркелімі» (ТХТ) ақпараттық жүйесі. Ағымдағы тіркеу орнын тексеру мүмкіндігі. Егер науқас тіркелген орнын өзгерту ниетін білдірген жағдайда, ол еркін таңдау құқығын (жылына 1 рет) немесе көшу себебіне байланысты мүмкіндігін қолдана алады;
- «Электронды Үкімет» (ЭҮ) порталы. Осы порталда «Өз әлеуметтік мәртебеңді анықта» бөлімі бар. Әдістемелік нұсқаулық қоса беріледі. Бұл қызмет көрсету түрін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығы ұсынды. Егер жүгінген науқас өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерту ниетін білдірген жағдайда, онда тиісті инстанцияға жүгінуі қажет.
Сізге танысу үшін нұсқаулықтар мен жаднамалар ұсынамыз.
«Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы арқылы Қазақстан Республикасы азаматарының әлеуметтік мәртебесі туралы мағлұматтарды қарау жөнінде нұсқаулық
Егер Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған болса Не істеу қажет: Сізге әлеуметтік мәртебеңіз туралы қамдану қажет!
№ | Әлеуметтік мәртебе | МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдар | МӘМС-дағы мәртебе |
1. | Жұмыс істейтіндер | Сіз жалдамалы жұмыс істеуші тұлға болып табыласыз. Сіз үшін 01.07.2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жарна мен аударымдарды жұмыс беруші жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
2. | Балалар | Сіз «18 жасқа дейін Балалар» санатына кіресіз. Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жарна мен аударымдарды мемлекет жүргізеді! | Сіз сақтандырылдыңыз |
3. | Көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен марапатталғандар немесе алдын ала «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар І және ІІ деңгейлі «Ана даңқы» алқасымен марапатталғандар. | Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
4. | Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері | Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
5. | Мүгедектер | Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
7. | интернаттық ұйымдарда білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғалар |
Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
8. | Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны, сонымен қатар жоғарғы оқу орнынан кейінгі резидентура нысаны бойынша білім алушы тұлғалар |
Сіз «Студент», «тыңдаушы» санатына кіресіз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна мен аударымдарды мемлекет төлейді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
9. | Бала тууына, жаңа туған нәрестені асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғала |
Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
10. | Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сонымен қатар , 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты іс жүзінде баланы тәрбилеуші тұлғалар |
Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
11. | Зейнеткерлер | Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
12. | қылмыстық атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сот шешімі бойынша жазасын өтеуші азаматтар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінен басқа ); | Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна мен аударымдарды Сіз үшін мемлекет төлейді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
13. | Уақытша ұстау, тергеу изоляторына қамалғандар және сот шешімі бойынша жазасын өтеуші тұлғалар |
Сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санатына кіресіз, сонымен қатар әлейметтік төлем алушыларға, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны ай сайын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет жүргізеді! |
Сіз сақтандырылдыңыз |
14. | Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (ЖК, ШҚ, жеке нотариустар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, жеке сот орындаушылары, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар) |
Сіз салық органында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болып табыласыз. 01.07.2017 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны өзіңіз жүргізесіз! Ай сайынғы жарна көлемі 5 % -дан 2 есе ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлеміне дейін. 2017 жылы жарна көлемі айына 2446 теңге құрайды, 6 айда 2017 жылдың 1 шілдеден бастап – 14676 теңге |
Сіз сақтандырылдыңыз |
15. | Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (белсенді емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар) | Сіз салық өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға болып табыласыз, 2018 жылдан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемінен ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны өзіңіз жүргізесіз! 2018 жылы ай сайынғы жарна көлемі 1414 теңгені құрайды, ал бір жылда 16 970 теңгені құрайды. | Сіз сақтандырылдыңыз |
16. | Тіркелген жұмыссыздар | Сіз тіркелген жұмыссыз болып табыласыз. Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны мемлекет төлейді! | Сіз сақтандырылдыңыз |
17. | Мәртебесі анықталмаған | Сізді әлеумттік мәртебеңіз анықталмаған! Сізге әлеуметтік мәртебеңіз жөнінде қамдану қажет! Егер Сіз өзіңізді жұмыссыз деп есептесеңіз және жұмыссыз ретінде есепке тұруға ниетіңіз бар болса, онда Сіз Халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша ХҚКО немесе ауылдық аймақтың Әкіміне жүгінуіңіз қажет. |
Сіз сақтандырылған жоқсыз! Сізге әлеуметтік мәртебеңіз жөнінде қамдану қажет!! |
18 | Мәртебесі анықталмаған | Сізді әлеумттік мәртебеңіз анықталмаған! Егер Сіз экономиканың ресми емес секторында жұмыс атқарсаңыз (жеке жүк тасушылық, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.), онда Сізге ЖК ретінде тіркелу қажет. Бұл жағдайда Сіз ЖК ретінде жарна төлейсіз. Егер Сіздің табыс көзіңіз жылына 12 ЕТЖ-дан төмен болса, онда Сіз өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде жарна төлейсіз. |
Сіз сақтандырылған жоқсыз! Сізге әлеуметтік мәртебеңіз жөнінде қамдану қажет!! МӘМС жүйесіне жарнаны мен аударымдар анықтау үшін және әрі қарай - медициналық көмек алу үшін Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз белгілі болуы тиіс! |