А.ж. 18 сәуірде Төтенше жағдайлар комитеті мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы МКК ұжым қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізді.
Мобильдік топ мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімін нығайтуға, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыруға ерекше назар аударды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары озық түрде жүріп жатқаны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында мемлекет пен қоғамның күш біріктіруі туралы айтып өтті.
Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін ортаға салды және осы мәселеде қатысушыларды азаматтық тұрғыда белсенді ұстаным жасауға шақырды.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға арнайы бейнероликтер көрсетілді және ақпараттық жаднамалар таратылды.