24 сәуірден бастап Дүниежүзілік иммундау апталығы бастау алмақ. Жыл сайын дифтерия, сіреспе мен көкжөтелден бүкіл әлем бойынша 100 миллиондаған балаларға егу салады. Дүниежүзілік иммундау апталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен сәуірдің екінші жартысында жүргізіледі. Бастапқыда бұл іс-шара Еуропалық иммундау апталығы деп аталды және сәйкесінше тек Ескі Кеңем мемлекеттерін қамтыды, алайда бірте-бірте басқада континенттерде оған қосылды. Апталықты өткізу иммундауды, адам баласын жұқпалы аурулардан сақтауға мүмкіндік беретін, басты алдын алу шараларының бірі ретінде қоғамның назарын аударуды үндейді. ДДСҰ отбасыларға міндетті түрде балаларын өлімге әкелетін аурудан вакцинация егуді ұсынады. Ұйымның деректері бойынша иммундай жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтелден, қызылша, шошқаборық пен қызамықтан 2 – 3 миллионға дейін өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді.
1. Иммундау апталығы жүргізілетін мерзім және өткізілетін науқан мақсаты қандай?
Қазақстанда иммундау апталығы 2017 жылдың 24-30 сәуір аралығында жүргізіледі.
Бүгінгі халықтың көші-қон үрдістерінің артуы жағдайда әрдайым эндемикалық мемлекеттерден(Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан) жабайы полиомиелит вирусын, қызылша вирусын, пандемия тұмауы мен өзгеде жұқпалы аурударды қоздырғыштарды кезкелген мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға тасымалдау қауіпі бар.
Осыған байланысты иммундау аптасының мақсаты вақцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы халықты хабардар ету, иммундауға сенімді қарымқатынас қалыптастыру, ҚР аумағына індеттер тасымалданған жағдайда вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың өршуіне мүмкіндік бермейтін егумен толық қамтылу деңгейін арттыру, .
2. Қазақстандағы иммундау апталық науқанының мақсаты қандай? .
Иммундау апталығы жұқпалы аурулар бойынша санитарлық-профилактикалық шараларлы нығайтуды талап етеді, вақцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы халықты хабардар ету, иммундауға сенімді қарымқатынас қалыптастыру жолы арқылы бұларға қарсы алдын алу егулері жасалады. Көші-қон үрдістерінің артуы және эндемикалық мемлекеттерден әртүрлі жұқпалы аурулардың ену қауіпі туындаған жағдайда жұқпалы аурулардан қорғау мәселесі ерекше өзекті. Осыған байланысты астанада эпидемиологиялық орнықты жағдай қалыптастыру үшін бізге ортақ күшпен бүкіл халықтың толық егу алуын қамту деңгейін арттыруымыз қажет. Қаланың емханалық медициналық ұйымдары иммундау апталығын жүргізуге дайын, іс-шаралар жоспары бекітілді, олардың барлығы түсіндірме материалдарымен және вакциналармен толық қамтамасыз етілді.
3. Вакциналау дегеніміз не және ол не үшін қажет.
Вакциналау – бұл заманауи медицинаға мәлім жұқпалы ауруларға қарсы ең тиімді және экономикалық үнемді тәсіл. Вакциналаудың негізгі қағидаты: емделушіге ауруды қоздырғыштармен күрес үшін қарсы денелер қалыптастыруға әлсіз немесе өлтірілген ауру тудыртатын агент беріледі. Қазіргі таңда қоғамда егулерге әртүрлі көзқарастар қалыптасқа. Адамдар түрлі жағдайлар бойынша егу жүргізуден бас тартады. Кейбіреулері оған қарсы көрсетілген деп ойлайды, біреулері діни ұстаным қағидаттары бойынша бас тартады, ал кейбіреулері ауру жоқ, егу жасаудың да қажеттілігі жоқ деп есептейді. Атап айтқымыз келетіні, біз бұл көзқарасты құптамаймыз, алдын ала кең аумақта егулер жүргізу арқасында вакциналаудың тиімділігіне қол жеткізілді. Мысалы, Астана қаласында көп жылдардан бері вакцинамен басқарылатын дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, құтыру секілді инфекциялар жоқ.
4. Қандай жұқпалы ауруларға қарсы балалар мен ересектерге иммунизация жүргізіледі, сондай-ақ вакциналардың қайсысы республикалық, қайсысы жергілікті бюджеттен төленеді?
Қазақстан Республикасының тұрғындарны вакциналау Үкіметтің қаулысымен бекітілген Ұлттық екпе жасау күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, республикалық бюджет есебінен 11 індетке (В вирусты гипатиті, туберкулез, қызылша, қызамық, індеттік паротит, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, гемофилді және пневмококтік індеттер) қарсы және жергілікті бюджет есебінен А вирусті гипатитіне және тұмауға.
5. Соңғы жылдары жаңа вакциналар пайда болды және олар Астанада қолданылады ма?
Соңғы жылдары тәжірибеге гемофильді инфекцияға қарсы вакциналар енгізілді, ол балаларды іріңді менингиттен қорғайды, инактивтелген полиомиелиттік вакцина және пневмакротті вакцина. Қазіргі таңда заманауи біріктірілген куәландырылған ДДСҰ вакциналары қолданылады, олар егуден-ақ балаларды 6 індеттен қорғайды. Ағымдағы жылдың сәуір айының екінші жартысынан 1 жылда балаларға қос валентті полиомиелитті вакцина қолданылады.
6.Вакциналардың қауіпсіздігі және вакцинадан кейінгі реакция пайда болу мүмкіндігі.
Барлық қолданылатын вакциналар стандарттаудан өтеді және халықаралық куәліктері бар. Оларды қолдану кезінде бір қатар технологиялық тізбек сақталады. Есіңізде болсын егу ауырып жүрген кезде салынбайды, ол жеңіл түрдегі тұмау болсада. Сондықтан, егу салдырар алдында дәрігердің қарауынан өту қажет. Кез-келген егіден кейін асқа тәбеті жоқ, дене қызуы, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты реакция – ағзада осылайша ауруға қарсы иммунитет қалыптасады. Егер симптомдар бір-екі күнде қайтпаса немесе бөртпе пайда болса, сіңірлер түйілсе, дене қызуы 39 С және жоғары болса, міндетті түрді шұғыл дәрігерге жүгіну қажет. Иммунитет вакцинаны енгізгеннен кейін 2 апта ішінде өңделеді, осы кезең бойы егу қойылған адам өзінің дәрігерінің бақылауында болады. Тәжірибеде соңғы жылдары қаламызда вакциналаудан кейінгі қауіпті жағдайлар тіркелеген жоқ.
7. Астана халқына алдын алу егулерін жоспарлау жүйесі мен оны жүргізу калай ұйымдастырылған?
Алдын алу егулерін жоспарлауды жүзеге асыру үшін жылына екі рет участкелік желімен тіркелген халық санағы жүргізіледі, осы деректер негізінде алдын алу егулер жоспары құрылады. Әр бір аймақтық емханада 2 егу кабинетінен қызмет етеді, мұнда иммундаға жататындардың барлығы балаларда, ересектерде шақырылады.
8. Біздің халықты вакциналаудың тиімділігін қалай бағалайсыз?
Астана қаласында алдын алу егулерінің кең жүргізілу арқасында бірнеше жылдар ішінде дифтерия, сіреспе, полиомиелит, қызылша, құтыру жағдайлары тіркелген жоқ, ал көкжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит бір жағдайдан тіркелген. Астана қаласында вакцинадан кейінгі асқыну жағдайы тіркелген жоқ.
9. Неге иммундау мәселесіне айтарлықтай назар аударылады?
Басқарылатын жұқпа жайылу жиілігі соңғы жылдары жүргізілетін вакциналау арқасында күрт төлендеді және көптеген ата-аналар мен медициналық қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу вакциналарына қырағылығын жоғалтты. Керісінше, вакциналау қаншалықты қажет және қауіпсіз туралы сұрақтарды қойып, Интернет немесе баспасөзде жариялап, вакциналауға қатысты қоғамдық пікір жиі адамдар тобына әсер етеді. Қорытындысында, иммунизациялау жеке жағдайда өзінің жетістігінің құрбаны болды. Бұдан басқа барлық мемлекеттерде әлсіз және еңбекке қабілетті екпе қойылмаған халық топтары бар, олар артынан жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады. Соымен қатар, әдеп және діни себптер бойынша иммундаудан бас тартатын тұлғалар бар. Барлық бұл топтар ауруларға осал болып қалады. Иммундау жыл сайын миллиондаған өмірді құтқарады және осы жетістікті бекітіп, қолдауымыз қажет. Қазіргі таңда иммундауға балама жоқ.
10. шеттен келген адам қай жерде екпе ала алады және қандай негізде?
Қазақстанда вакциналау тегін жүргізіледі, барлығына қол жетімді, соның қатарында шеттел келгендергеде. Иммундау апталығы кезеңінде, ниет білдірушілер қаладағы аймақтық емханада алады, тіркеу орнына қарамастан.
11. Иммундау апталығында біздің қаланығ тұрғындарына Сіз қандай үндеу айтар едіңіз?
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Департамент Астана қаласының халқын денсаулықтары туралы қандануға және алдын алу екпесін уақытылы алуға үндейді, осылайша қоғамға жұқпалы аурулармен күресуге жәрдем береді.
Барлық қызқтыратын сұраұтар бойынша 31-71-69 телефоны бойынша хабарласыңыз, мұнда Сіз толық қамтылған жауап аласыз.