Орталықтың нәзік жандылары атынан алғашқы сөз кезегі бас дәрігердің емдеу-алдын алу ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Абзаловаға берілді, өздерінің әріптестрін келе жатқан мерекемен құттықтай отыра, Ұлы Отан жеңісі тарихына қатысты өлең жолдарын оқып, презентация көрсетті және фашизмді жеңуде елеулі үлес қосқан қазақстандықтар туралы жеке атап өтті. Р. Абзалованың шақыртуы бойынша досы мен ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК емделушісі Борислав Газизович келді және домбыраның сүйемелдеуімен ән салды, сонымен қатар Р. Абзаловамен бірге "Смуглянка-Молдованка" әскери әнін салды.
Келесі сахна төріне директордың қаржы-экономика ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Р.У. Такеева шықты, ол әскери тақырыпқа қатысты өлең жолдарын оқып, ҰОС ардагерлеріне осы көгілдер ашық аспан үшін алғысын білдірді.
Ерлерге арнап музыкалды сыйлықты шаруа бике Дакен Омарғалиева дайындап, «Қызыл құмда ауылым» әнін тарту етті.
Сыған әніне би өнерімен отбасылық дәрігер Кеңес Бибібүл мен участкелік мейіргер Тутаева Акерке сахнаға шықты.
«Үш бикеш» және «Егер қызарда әскерге баратын болса ... » миниатюраларын зал көрермендері ду қол шапалақпеен және таңдана қарсы алды. Қыздар өздерінің шығармашылдықтарын көрсетті және актерлік шеберліктері мен сирек кездесетін қабілеттерін көрсетті.
Мерекелік кеш "Катюша", "День победы" әскери әндерін орындаумен және би кешімен аяқталды.
Дәстүр бойынша Отан қорғаушылар Күні мерекесіне арнап сыйлықтар тарту етілді.
Ер азаматтар атынан мерекені ұйымдастырғаны үшін нәзік жандыларға алғысты ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК бас дәрігері Есдаулетов Т.Т білдірді, сөз соңында Астана қаласы әкімінің м.а. қаулысына сәйкес «Демеу» Отбасылық медициналық оқу-тәжірибелік Орталығының атауы №13 Қалалық емханаға ауыстырылғанын атап өтті.