Дәстүр бойынша алғашқы сөз кезегі директор Т.Т. Есдаулетовке берілді. Ол барлық мейіргерлерді мерекелерімен құттықтады, сәттілік, мансапта жоғарлау мен жеке бақытты тіледі. Келесі құттықтау сөзі директордың емдеу- алын алу ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Абзаловаға берілді, ол тыңдаушыларға Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мейіргерлердің рөлі мен мәні туралы көрнекті презентация ұсынды. МСАК ұйымдарында маңызды орынды орта, қазіргі таңда жоғарғы медициналық білімі бар мамандар алады, бұл өз алдына мейіргердің құзыреттілігі шеңберінде науқасқа қызмет көрсету кезінде туындаған медициналық-әлеуметтік мәселелердің бір қатарын өзі шешу мүмкіндігін береді.
Мейіргерлік іс саласында жүргізілген реформалар барысында көрсетілетін медициналық көмек бағытына қарамастан халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлеріндегі алдын алу, емдеу, диагностикалау, оңалту іс-шараларын ұйымдастыруда осы кәсіп өкілдерінің рөлі артуда.
Кәсіподақ комитеті атынан мейіргерлерді біздің ұйымның кәсіподақ төрайымы Тулегенова Айжамал Тынырбаевна құттықтады.
Соңынан үздік мейіргерлерді марапаттау жүргізілді. Халықаралық Дүниежүзілік мейіргерлер күнін мерекелеуге байланысты «мейіргерлік істің» дамуына орасан зор үлес қосқаны, көп жылдық адал еңбегі мен қала тұрғындарына жоғары кәсіби медициналық көмек көрсеткені, қаланың алғашқы денсаулық сақтауына қосқан елеулі үлесі үшін директордың қолынан Ержанова Таттак Кайырхановна,Оразалина Галия Нуртаевна, Базарбаева Фариза Жаппасбаевна, Жанбырбай Жадыра Галымжанқызы, Бейсембаева назира Маратовна, Шукирбекова Жазира Айдарбековна; Хамза карлығаш Ералықызы, Айбас Фируза алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар құттықтау сөзін 13-ші емхана бас мейіргері Жаппарова Г.А. айтты.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін музыкалық нөмірлерімен дәрігер Айнаш Маратқызы «Гости из будущего» тобының «Почему» әнін және ерлерді қарау кабинетінің мейіргері Өркена Сакенұлы мен медициналық құрал-жабдықтар жөніндегі инженер Абдығали Нугманұлы «Аппақ гүлдер» әнін гитараның сүйемелдеуімен орындады.