Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Терезенің сыртында: балаларыңызды қорғаңыз
29.06.2024
Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлап зардап шегеді. Бұл туралы жиі айтылғанымен, қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Күн жылынып, терезелердің ашылуына байланысты балалардың ашық терезеден құлауы қайғылы жағдайға алып келуде. Көптеген ата-аналар терезені ашық қалдырудың  бала үшін  қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарды негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеңіз;
терезеде москиттік торлар болғанымен олар темір тор секілді  болмайтынын есте сақтаңыз;
баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;
балаңызға терезеден бір нәрсе көрсету мақсатында оған терезенің алдында  тұруды үйретпеңіз;
бөлмені желдету үшін терезенің көзін пайдаланыңыз немесе терезенің жоғарғы жағын ашып желдетіңіз;
терезенің тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды орнатыңыз;
терезеге бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнатыңыз.


Балаңыздың өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екендігін ұмытпаңыз!
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться