ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕД?
✅ Денсаулық, сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер азаматтарда белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты
есебінен амбулаториялық, деңгейде дәрілік заттар
және медициналық бұйымдармен қамтамасыз
етілуге құқылы екенін айқындайды.
????Бүгінгі күні емханаларда МӘМС жүйесінде дәрілік
заттар мен медициналық бұйымдардың 261 атауы
68 сырқат бойынша және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 386 атауы 52 сырқат бойынша қамтамасыз етіледі.
????МӘМС аясында, яғни «Сақтандырылған» мәртебесі болған жағдайда, амбулаториялық, дәрі-дәрмекпен диспансерлік есепте турған жекелеген сырқаттары бар пациенттер қамтамыз етіледі.
????Мысалы темір тапшылығы бар фертильді жастағы айелдер темір препараттарын ала алады, атероклероз ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өз аурулары бойынша қанды
сұйылтатын дәрілер (антикоагулянттар) мен басқа
да парепараттарды ала алады. Яғни, динамикалық
бақылауда тұрган әр пациент өзінін сырқаты бойынша препараттармен қамтамасыз етілуі қажет.
????Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қантарынан бастап артериялык гипертензия және аритмия аурулары бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни, осы сырқат бойынша дәрі-дәрмектерді алу ушін сақтандыру мәртебесі болуы
керек.
Сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі мәтебесіне қарамастан, ТМККК шеңберінде тегін дәрі-дәрмектермен диспансерлік есепте турған
жекелеген жағдайлары бар азаматтар, мысалы,
психикалык және мінез-құлық бұзылыстары бар пациенттер, органдар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі пациенттер, қант диабеті, бронх демікпесі, екпе гипертензиясы, жүректін ишемиялық ауруы және басқа да сырқаттарға шалдыққан пациенттер қамтамасыз
етіледі.
✅Тегін дарі-дермектердің толық тізімімен ҚР ДСМ
N°75 буйрығынан таныса аласыздар.