Бүгін, 2025 жылғы 3 маусым күні сағат 12:00-де №13 қалалық емханада семинар өтті.
Тақырыбы: “Менингококк инфекциясы: менингит, менингококцемия — этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі”. Семинар барысында инфекционист дәрігер К.Ж. Медетова бұл аурудың таралу жолдарын, белгілерін, емдеу тәсілдерін жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің білім деңгейін арттыру, менингококк инфекциясын ерте анықтап, алдын алуға ықпал ету.
Дер кезінде алдын алу – денсаулық кепілі!