Бұл жылы мереке 18 маусым айына келді. Бұл керемет мереке күні қарсаңына, жақындағы жұма күні № 13 қалалық емханада, Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Іс-шара жүргізушілері: Н.Б: Бекова-дәрігер және СӨСҚ мейірбикесі О.М. Рахимова болды. Құттықтау сөз сөйлеп сахнаға емхананың бас дәрігері Т.Т. Есдаулетов шықты. Ол «№13 ҚЕ»-ң бар ұжымына мықты денсаулық, бақыт, жұмыста және жеке өмірде табыс тіледі. Содан кейін үздік медициналық қызметкерлерді марапаттау басталды.Өз жұмысына деген жауапкершілігі және атқарушылық жұмысы үшін медициналық қызметкерлер күніне орай алғыс хаттармен 13 медициналық қызметкерлер марапатталды. Соңынан біздің мекеменің кәсіподақ комитеті төрайымы А.Т. Тулегенова сахнаға шығып барлығын кәсіби мерекесімен құттықтады. Кәсіподақтың атынан ол біздің активистер В.В. Стручковаға, О.Б. Рахимоваға, А.С. Токтаубаеваға алғыс грамоталары мен ақшалай сыйақы табыстады.
Мерекелік іс-шара барысында музыкалық нөмерлермен сахнада шаруа-бике Д.О. Каншырова, дәрігер Н.Б. Бекова, медициналық электр құрал- жабдығы бойынша инженер А.Н. Рахимов өнер көрсетті. Ұйғыр биін дәрігер Б. Кенес орындады. Ең рақымды және батыл мамандық иелері – медициналық қыхметкерлерге дәрігер-статистик К.Т. Даиров және СӨСҚ мейірбикесі О.Б.Рахимова өлең жолдарын арнады. «№13 ҚЕ»-ң ерлері дәстүр бойынша әзіл шоу ұсынды.
«№ 13 қалалық емхана» барлық медициналық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз және ептілігіңіз, науқастарға ең басты құндылық – денсаулықты қайтарсыын! Сізге тек қана позитивті сезім және өміріңізге қуанышты сәттер тілейміз!