Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласында әлеуметтік мүддені қорғау мемлекеттік жүйесі.
МӘМС сақтандырылған Қазақстан азаматтардығ барлығына жынысына, жасына, әлеуметтік беделі, тұрғылықты орны мен табысына қарамастан тең қол жетімді медициналық және әлеуметтік көмекті кепіл етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл сырқаттың басталуы, жарақат алу, жүктілік пен босану, мүгедектік пен кәрілік жағдайында денсаулық сақтауда халықтың мүддесін әлеуметтік қорғау нысаны.
Көптеген дамыған мемлекеттер кем мұқтаж етушілерден артығырақ мұқтаж етушілерге қаражаттарды қайта бөлуге мүмкідік беретін МӘМС таңдады.
Халықаралық тәжірибе
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам мемлекеттердің тәжірибесі қаралып, есепке алынды.
Қазіргі таңда әлемде денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі үш үлгісі басым – бюджеттік, сақтандыру және аралас .
Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция секілді мемлекеттерден орын алды.
Әлеуметтік қоғамдық сақтандыру барлығы 30 мемлекетте әрекет етеді: Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, бір қатар Шығыс Еуропа мемлекеттерінде және жеке сақтандыру – АҚШ-да.
Алайда, көптеген мемлекеттер «бюджеттік» және «сақтандыру» үлгісін бірге қолдануда, себебі ол өзінің тиімділігін дәлелдеді .
Озық әлемдік тәжірибе есебімен Қазақстанда медициналық сақтандырудың аралас үлгісі енгізіледі.
Бұл қамтамасыз етеді:
· денсаулық сақтаудың қаржылай тұрақтылығын,
· медициналық қызметтің жоғарғы деңгейлік сапалылығы мен қол жетімділігін,
· медициналық көмектің үлкен пакетін.
Медициналық сақтандыру қорына жарна мөлшерлемесі бойыншы Қазақстанда басқа мемлекеттермен салыстырғанда ең бейілді жағдайдар құрылуда.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жоспарына (Парламентте өзгерістер енгізілуі күтілуде) сәйкес, дәлірек айтқанда, Медициналық сақтандыруға қатысты келесі жарна мөлшерлемесінің және аударымдардың көлемі ұсынылады:
- қызмет берушіер аударымдары: 1% - 2017 жылдың шілдесінен бастап;1,5% - 2018 жылдан бастап, 2% - 2020 жылдан бастап, 3% - 2022 жылдан бастап;
- қызметкерлер жарнасы: 1% - 2019 жылдан бастап, 2% - 2020 жылдан бастап;
- ЖК, жеке нотариустар, келісім шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар жарнасы – табыстан, 2017 жылдың шілде айынан бастап, бірақ 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес;
- жұмыс күші құрамына кірмейтін тұлғалар жарна мөлшеолемесі (жұмысқа жарамсыздар) – 2018 жылдан бастап 1ЕТЖ-дан 5%;
- халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына мемлекет аударым жүргізеді 3,75% - 2018 жылдың қаңтар айынан, 4% - 2019 жылдан, 4,5 % - 2022 жылдан, 5% - 2025 жылдан.
Мысалы:
Германияда қызмет берушілердің жарнасы - 7,3%, қызметкерлердікі – 8,2% құрайды.
Словакияда 10% және 4% тиісінше,
Литвада 3% және 6%.
Неліктен денсаулық сақтау жүйесіне реформалар қажет?
- Денсаулықты қорғауды азаматтар мен қазмет берушілердің ынтымақтастығының болмауы. Денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету ауыртпашылығы тек мемлекетке артулы, ал осы уақытта азаматтардың өздерінде денсаулығына деген жауапкершілік деңгейі айтарлықтай қалыптаспаған. (диспансерлеуден уақытылы өту, сауықтыру іс-шараларына атсалысу, зиянды әдеттерден бас тарту және т.б.).
- Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылай тұрақсыздығы. Денсаулық сақтауға мемлекеттік шығынның өсуіне қарамастан, қаржыландыру медициналық көмекте халықтың өсіп жатқан қажеттілігін толығымен жаппайды. Неліктен бұлай болып жатыр? Бала туумен қатар халықтың қартаюы да артуда, сонымен бірге созылмалы және жұқпалы аурулардың саны өсуде, жаңа инновациялық технологияларды енгізу ағыны жылдам өсуі жалғасуда.
- Денсаулық сақтау жүйесін тиімсіз басқарылуы. Денсаулық сақтауды қаржыландыру құрылымында шығынның басым бөлігі стационарлық көмекке жұмсалуы - 51% (ЭЫДҰ мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 34% құрайды), себебі медициналық-санитарлық алғашқы көмек кезінде медициналық қызметтің сапасының төменділігі.
- Медициналық ұйымдардағы таусылмайын кезек пен қызмет сапасының қанағаттанарлықсыздығы адамдардың ақылы клиникаларға жүгінуіне мәжбүрлейді және үлкен «қалта» шығындарын алып келеді. Егер қалталы азаматтар өздеріне жақсы ем-шаралар мен қымбат дәрілер алуға мүмкіндіктері болса, ал төлем төлеуге мүмкіндігі шектеулі халық тобы белгілі медициналық қызмет түрлерімен шектеулі.
- Ауыр және созылмалы аурулардың халықтың қартаюымен бірге өсуі денсаулық сақтауда шығындардың артуына алып келеді.
- Пациенттердің медициналық қызмет көрсетудің сапасына, дәрігерлердің біліктілігінің төмендігіне, ауруханалар мен емханалардың жұмысын ұйымдастырылуының тиімсіздігі жайында көптеген шағымдары әрект етуші денсаулық сақтау жүйесімен халықтың риза емес екендігі анық байқалады.
- Әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидасы. Әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға жауапкершілік енді адамның өзіне, қызмет берушіге және мемлекетке жүктеледі. Қаржылай қаражатта осылай ынтымақты жауапкершілік негізінде бөлінеді, медициналық сақтандыру қағидасына сәйке – «аз қажет етушілер көбірек қажет етушілерге төлейді»
- МӘМС жағдайында әлеуметтік әділеттілік қағидасы табыс пен аударымдар көлеміне қарамастан барлық сақтандырылған азаматтарға бірдей сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Әрбір адам өзінің тексерілетін және емделетін медициналық ұйымды өзі таңдай алады – жеке немесе мемлекеттік. Ауруханалар мен емханалар медициналық қызмет сапасы мен дәрігерлер біліктілігін арттыра отыра пациенттер үшін «күресті» бастайды.
- Денсаулық сақтауды қаржыландыру сақтандыру жарнасы есебінен ұлғаяды және медициналық көмекте үдемелі қажетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді жеткізушіге жоғарғы стандарт бойынша қатал іріктеу жүргізеді. Сапаны бақылау мен медициналық қызмет көрсетудің мониторингі Қормен күнделікті негізде ұйымдастырылады. ӘМСҚ үздік медициналық қызметтер жеткізушісі рейтингтерін жүргізіп, олардың тізімін газеттер мен порталдарда жариялайды.
- МӘМС-ды енгізумен бірте-бірте жалпы тәжірибелік дәрігерлер саны 1,8 есе ұлғаяды, бұл дегеніміз бір дәрігердің 1500 адамға дейін жүктемесін төмендетеді (қазір 1 ЖТ дәрігерге 2140 адам) және тиісінше кезектерден құтқарады, науқасты қабылдау мен емдеу сапасын арттырады.
- Амбулаторлық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді (АДҚ) кеңейтуді ұсынады, осы бағыт бойынша шығындар халықтың жан басына шаққанда есебінен өсуі мүмкін. Сонымен қатар АДҚ қажет ететін санаттағы тұлғалар тобы арта түседі, препараттар тізімі жиі кездесетін ауруларға арналған дәрілік заттармен толықтырылады.
- Бұдан басқа, медициналық сақтандыру Қорына жарнаны толықтырумен бірге, медициналық қызмет көлемінде кеңейту ойластырылуда, бұл өз алдына кезекті азайтады, соның ішінде жаңа медициналық қызмет жеткізушілерін тарту арқылы.
· Еңбек өндірістігінің артуы, дені сау ұжым;
· Корпоративтік мәдениеттің жоғарғы деңгейі;
· Қызметкерлердің ауруларымен байланысты экономикалық шығындардың төмендеуі;
· Жұмыс уақытының оңтайлануы.
Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі тиімділігі:
- Минимум қаржыға–МӘМС аясындағы қызметтердің толық пакеті!
МӘМС мемлекеттің, қызмет беруші мен әрбір адамның жауапкершілігінің ынтымақтастығына негізделген. Сонын өзінде мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарна төлейді (тізім төменде). Қызмет берушілер – жалдаған қызметкерлеріне. Қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өздігінен жұмыс істейтін азаматтар – өздері үшін. Осылайша қаржылай қаражатты тиімді бөлу қағидаты әрекет етеді – ортақ жауапкершілік негізінде аз қажет ететіндерден артық қажет ететіндерге – «бүгін сен басқаларға көмектесенің – ертең олар саған көмектеседі».
Медициналық сақтандыру қорына табысқа мөлшерлес аударымдар төлей отыра, Сіз кез-келген клиникада медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға, дәрігердің қабылдауынан бастап толық тексерілуге дейін және МӘМС пакеті аясында қымбат отаға қол жеткізу құқығын аласыз.
Барлығы айқын болады!
- Сақтандырылған азаматтар электронды денсаулық сақтау жүйесінің жеке кабинеті арқылы медициналық қызмет көрсету, денсаулық ахуалы, төленген жарна және т.б. жайында барлық ақпаратты салыстырып отыра алады;
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?
Егер азамат үшін жарна төленсе, ол автоматты түрде сақтандырылады. Осылайша, ол сақтандыру жарнасының минималды сомасына медициналық қызметтің барлық пакетін, соның қымбат тұратындарында алады.
Қор өз кезегінде белгілі талаптарға сәйкес медициналық қызмет жеткізушілерімен шарт жасайды және медициналық көмектің сапасын қатаң бақылайды.
Әлеуметтік медициналы сақтандыру қоры мына фукцияларды орындайды:
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметті төлеу бойынша қаржы операторы
- МӘМС бойынша медициналық қызмет пакеттін стратегиялық сатып алушы.
Есте сақтаңыз, Қор әрдайым медициналық қызмет алушы – сақтандырылған азаматтар мүддесін қорғаушы болып табылады.
Қатысушылардың міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға аударған барлық қаржысы әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) топталады.
Қор медициналы қызмет жеткізушілерге жасалған шарт талаптары бойынша төлем жүргізеді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың қызметтерге жеке табысы мен қордағы жиытығына қарамастан тең қолжетімді болады.
ММС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?
- Бастапқы медико-санитарлық көмек амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда көрсетіледі, оның ішінде сырқаттар мен ахуалдың алдын алу, диагностикалау, емдеу, жүктілік уақытында бақылау, медициналық іс-әрекет және т.б
- Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек арнайы әдістер мен қиын медициналық технологияларды қолдануды талап ететін аурудың алдын алу, диагоностикалау, емдеуді қосады.
- Жедел медициналық көмек медициналық ұйымнан тыс жедел немесе шұғыл түрде көрсетіледі, ал амбулаториялық немесе стационарлық жағдайында дереу медициналық араласуды қажет тетін жағдайда (жазатайым оқиғалар, жарақаттар, улану, кенеттен өткір аурулар).
- Жоспарлы медициналық көмек пациент өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен ахуал кезінде сационар жағдайында көрсетіледі.
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету барысында
- Мейіргерлік күтім – басынан өткен ауру салдарынан өзіне-өзі қызмет етуге қабілетсіз, әрдайым басқа адамның күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға көмек көрсету.
- Паллиативтік көмек –жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін және ауыр өтіп жатқан аурулары бар пациенттердің өмір сапасын мүмкіндігінше оған жайды деңгейде ұстау.
Мемлекет келесі тегін медициналық көмек түрлеріне кепіл береді:
- Жедел жәрдем мен и санитарлық авиация;
Ø профилактикалық екпелер.
МӘМС жағдайында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қандай болады?
Амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету белгіленген дәрі-дәрмектер тізіміне сәйкес дәрігердің жазып берген рецепті негізінде тегін беріледі. Тізімге 47 сырқат бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілген.
Стационарлы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайында бікітілген дәрілік формулярға сәйкес жүргізіеді.
Қор активтерін сақтауды қамтамасыз ету
1. Мемлекет қор активтердің сақталуына кепіл береді.
2. Қор активтерін сақтау төмендегілер арқылы қамтамасыз етіледі:
- қордың қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнатқан нормалары мен лимиттері арқылы қор қызметін реттеу;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде фонд активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық операцияларды есептеу;
- Меншікті қаражаттың және қор активтерінің жеке есебін жүргізу;
- Жыл сайын тәуелсіз тексеріс жүргізу;
- Қормен бухгалтерлік есеп пен қаржылай есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіпте қаржылай есептілігін реттеуді ұсыну;
- Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдары тізімі Қазақстан Республикасы Заңнамасы анықталуы;
Қор қызметінің айқындығын қамтамасыз ету
ӘМСҚ қызметінің айқындығы төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
- Келіп түскен жарна мен қаражаттің күнделікті мониторингі
- Көрсетілген медициналық қызметтің ай сайынғы мониторингі
- Қаражатты қолдану туралы стандартты есептерді уәкілетті органдарға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ, Үкіметке, Есеп Комитетіне)
- Қоғамға жыл сайынғы жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толығырақ вебсайтта және БАҚ-ның жеке басылымдарында)
- ӘМСҚ вебсайты жүргізіледі, онда орналастырылады:
- сақтандырылғандарға ақпарат: жалпы (құқық, міндеттер, мүмкіндіктер, жаңалықтар, қызмет көрсету жағдайлары, тарифтер және т.б.); жеке – жеке қабинет арқылы – жарна төлеуші және қызметті тұтынушы ретінде пациентке ӘМСҚ есебі
- жектізушілерге ақпарат (ҚНА; сатып алу ережелері, тарифтер, жеткізушілермен шарт мазмұны, қаржылай деректерді қоса алғанда; түрлі жоспарлар – сатып алу және бақылау)
- көрсетілген медициналық көмек саласында түрлі талдаулар, шолулар мен зерттеулер нәтижелері
- Жеткізушілер рейтингін жариялау (вебсайт, газеттер)
- Күрделі мәселелер немесе жоспарланған жаңашылдықты талқылау үшін мүдделі тараптармен тұрақты және мақсатталған кездесулер (жеткізуші өкілдерімен, пациенттер ұйымдарымен) для обсуждения проблемных вопросов или планируемых новшеств
Егер Сіз осы тізімнің бір санатына кіретін болсаңыз, Сіз автоматты түрде медициналық сақтандыру қатысушысы боласыз:
- балалар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
- мүгедектер;
- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;
- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;
- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;
- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;
- зейнеткерлер;
- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;
- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.
Медициналық сақтандыру бөлімі бойынша Заң жобасында қарастырылған түзетулерге сәйкес ұсынылады (ҚР Парламентіне кіргізу күтілуде): мемлекет жарна жүргізетін тұлғалар санаты тізімін кеңейту:
- жұмыс істемейтін тұлғалар, 18 жасқа дейінгі жастағы мүгедек бала күтімі бойынша;
- техникалық, кәсіптік, және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар оқу аяқталған айдан бастап күнтізбелік үш ай ішінде;
- жұмыс істемейтін оралмандар (тіркелген күннен бастап 1 жыл ішінде);
- шетелдіктер мен ҚР аумағында тұрақты тұру азаматтығы жоқ (Заңнаң 26 бап, 1 тармағында қарастырылған тұлғалар санаты бойынша: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және т.б.);
Аударымдарды және (немесе) жарнаны есептеу (ұстап қалу) мен аудару Заңына сәйкес ай сайын жүргізіледі.
Бұдан басқа, келесі тұлғалар санатымен МӘМС-ға жарна төлеуші тізімін толықтыру ұсынылады:
- Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген шет мемлекеттер үкіметінде, шет мемлекеттер консулдық мекемесінде ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТҰЛҒАЛАР.
- Халықаралық және мемлекеттік ұйымдарды, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорларда (халықаралық келісім шартқа сәйкес салық агенттері болып табылмайтын) ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТҰЛҒАЛАР
.
- БЕЛСЕНДІ ЕМЕС ХАЛЫҚ – БАСҚА ТҰЛҒАЛАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ «ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫМЕН БЕКІЛГЕН , ӨЗГІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР.
- ҚР-НАН ТЫС ШЫҚҚАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫ, ҚР-нан тыс ТТЖ-не шыққандардан қоспағанда.
Міндетті медициналық сақтандыру мерзімдерін шегеру туралы
2016 жыл 22 желтоқсан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына мемлекеттік Елбасы қол қойды. Осы құжатқа сәйкес медициналық сақтандыру Қорына мемлекеттің жарна аударуы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына шегерілді.
Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар, кәсіби медиаторлар, азаматтық құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың Қорға аударымдары мен жарнасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін шегеріледі. Жалданушы қызметкерлердің жарна төлеу мерзімі өзгеріссіз – 2019 жылдан.
Жеке тұлғалардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы және денсаулық сақтау ұйымын таңдау, МӘМС жүйесінде алынатын медициналық көмек көлемін белгілеу 2018 жылдың 1 қаңтарынан әрекетке енгізіледі.
Осы кезең аралығында Қор, оның филиалдары құралады және республикалық деңгейде денсаулық сақтауға шығындар анықталады, Қор медициналық және фармацевтикалық қызметтің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы шығады.
«Что явилось причинами изменений срока? Как вам известно, правительством при формировании бюджета на 2017 - 2019 годы пересмотрены принципы межбюджетных отношений. Они предполагают, во-первых, передачу всех видов целевых трансфертов, ранее выделяемых местным исполнительным органам от администраторов республиканских бюджетных программ в виде трансфертов общего характера по задачам, решение которых отнесено к компетенции местного исполнительного органов. Во-вторых, все бюджетные средства, которые направлялись в местные бюджеты для обеспечения и гарантии государства, консолидированы на республиканском уровне. Эти изменения коснулись и здравоохранения, как в части финансирования из государственного бюджета, так и в части финансирования, осуществляемого из внедряемой системы ОСМС», - сообщила Т. Дуйсенова.
Келесі кіріс түрлерінен қорға сақтандыру аударымдары мен жарнасы төленбейді:
· Қызметтік іс-сапарлар мен көшпелі сипаттағы жұмыс өтемақысынан;
· Далалық жабдықталым қызметкерлеріне,
· Бюджет қаражатынан өтемақы жәрдемақы мен оқуға төлеу,қызметкерді жеткізумен байланысты шығындар,
· Сауықтыру демалысына арналған жәрдемақы, баланың туылуы кезінде, жерле кезінде 8 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) шегінде медициналық қызметке төлеуге арналған төлемдерден;
· шәкіртақы;
· сақтандыру сыйлықтары.
Сіз әдеуметтік медициналық сақтандыру Қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса аласыз, егер:
- қоғамдық бақылау комиссия мүшесі болсаңыз – қызметтің айқындағымен қамтамасыз етеді;
- кәсіптік қауымдастық мүшесі болсаңыз – стандарттарды қарастыру мен тарифтерді белгілеуге қатысу.
!!! Қызмет берушілер әрбір қызметкерге аударылған жарнаның бастапқы есебін жүргізуге және есеп айынан кейінгі айдың 15-ші жұлдызына дейін есеп пен аударымдар жөнінде мәліметті жарна төленген қызметкерлерге ұсынуға міндетті.
Жарнаны төлеу үшін алынған ай сайынғы кіріс 15 ең төменгі жалақыдан астауы тиіс.
Баслық жарна есеп айынан келесі айдың 25-нен кеш емес аударылуы тиіс..
Жұмыссыз
Ø Сізге жұмыс табу керек, себебі қызмет беруші Сіздің медициналық сақтандуыңызға төлем жүргізуіне;
Ø Егер өздігінен Сіз жұмыс таба алмасаңыз, Сізге жұмыспен қамту органдарына жүгіне қажет, мұнда сізге жұмыс орындарын ұсынады немесе жұмыссыз ретінд тіркеуге алады, бұл жағдайда Сізге мемлекет қаржы төлейді.
Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, шаруа қожалығы қызметкерлері, нарықтағы саудагерлер.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар, кәсіби медиаторлар жарнаны төлеуді және аударуды қор есебіне Мемлекеттік корпарация арқылы қаражат жеке өздерімен жүргізіледі:
1) жеке кәсіпкерлермен, жалпығы белгіленген салық салу қолданылатын – кіріс төленген келесі айдың 25-не дейін;
2) өздерінің пайдаларына жеке кәсіпкерлер - есеп айынан кейінгі айдың 25-не дейін;
3) арнайы салық тәртібін қолданатын шаруа қожалық немесе фермерлік шаруашылық, - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында қарастырылған тәртіп пен мерзімде (жылдың 10 сәуірі мен 10 қарашасы);
4) патент негізінде арнайы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер – патенттің бағасын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында қарастырылған мерзімде.
ЕГЕР ТӨЛЕМЕСЕ НЕ БОЛАДЫ?
Сіз МӘМС қатысушысы болмайсыз, және Сізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекке қол жеткізу құқығы болмайды. Дегенмен, Сізге мемлекет кепілдік берген медициналық қызмет көлемін алуға болады, ол мыналарды қамтиды:
· жедел жәрдем және санитарлық авиация;
· әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі және шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
· профилактикалық екпелер;
· амбулаториялық дәрілік заттармен қамтуымен амбулаториялық – емханалық көмек көрсету (2020 жылға дейін).
Медициналық қызметтің қалған барлық түрлері осы санаттағы азаматтар үшін ақылы негізде көрсетіледі.