Барлық жүгінген азаматтарға МӘМС-ң барлық сұрақтары бойынша, соның ішінде МӘМС-ды енгізу кезеңі бойынша, ақпараттық құжаттарды бере отырып оның негізгі артықшылығы туралы түсінік берілді.
Еске саламыз, 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: ғаламдық бәсекеге жарамдылық» мемлекет Басшысы Жолдауында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауаптылығына негізделген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тапсырмасын алға қойды.
22 желтоқсан 2016 жылы МӘМС-ды енгізу мерзімін ауыстыруды қарастыратын мемлекет Басшысымен Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.
Осы құжатқа сәйкес 1 шілде 2017 жылдан бастап 1 қаңтар 2018 жылға дейін мемлекеттің жарнасы медициналық сақтандыру Қорына ауысады.
Елдің барлық азаматтары, мемлекет және жұмыс берушілер – олардың барлығы денсаулық сақтау саласында ынтымақты жауапкершілік алып жүру керек. Ең бірінші, олар әрбір адамға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу қандай артықшылықтар беретіні жайлы жеткізу керек.