Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Қазақстанда МӘМС енгізу тоқтатылу мүмкін .
03.11.2017
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2020 жылға шегеруді ұсынады. Алайда, осы уақытқа дейін қызмет берушілер МӘМС Қорына жарна төлеуді жалғастыра береді. Ұсыныс Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитет отырысында айтылды. Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитетінде Қазақстанда МӘМС әрі қарай енгізілуі талқыланды. Денсаулық  сақтау вице-министрі, Ляззат Актаеваның пікірі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін 2020 жылға шегеру қажет, сонымен қатар, 2022 жылға дейін мемлекет есебінен сақтандырылмаған тұрғындарға қажетті медициналық көмек көлемін сақтау қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік салық жарнасын 1-1,5% дейін төмендету туралы ұсыныс айтылды.
Медициналық қызметтерді көрсетуді кейінге шегеру, сарапшылар пікірі бойынша осы уақытқа дейін бейресми жұмыс істейтін адамдар жөнінде мәселе шешілмегендіктен қажет. Олар қазіргі таңда біздің мемлекеттің тұрғындарының орташа алғанда 2,7 млн құрайды. Мұнда жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кіреді. Депутаттар ойынша, МӘМС бағдарламасына осындай азаматтардың қатысушы болуына ынталандыру туралы мәселені әлі де қарастыру қажет. Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар МӘМС Қоры жұмысы үшін қаржылық сақтық қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы ақылдасты, себебі медициналық қызмет көлемі жыл сайын бағдарлама аясында ұлғаяды. Денсаулық сақтау министрлігінде әлі МӘМС бағдарламасы жүз пайыз жұмысын басталмағанын атап өтті, Қазақстан азаматтарына әрі қарай тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің аясында толық қызметтер спектрін ұсынатын болады.
Дереккөз: http://24.kz/ru/news/social/item/203239-vnedrenie-CSHI-v-kazakhstane-mogut-perenesti


 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться