Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
2017 жылдың 23 қараша жұлдызында Жол картасының «2017 жылға арналған медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» Жобасына сәйкес бекітілген тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызмет көрсетудің жаңа моделін өңдей және енгізу бойынша сынамалы жоба аясында және вице-министр Л.Актаеваның хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК негізінде Қазақстанның тоғыз өңірінен келген емханалар мен медициналық колледж бас мейіргерлеріне оқыту жүргізілді.
28.11.2017
Осы жоба аясында  міндеттер айқындалды: мейіргерлік қызметті ұйымдастырудың тиісі халықаралық тәжірибесін есепке алып, медициналық ұйымның ұйымдастыру құрылымын өзгерту; мейіргерлік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру үшін  мейіргерлік құжаттама және шұғыл үрдіс стандарттарын енгізу. Қалалық емхана мамандары  мейіргерлікте медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану жөнінде тәжірибелерімен және қажетті білімдерімен бөлісті, одан кейін отбасылық дәрігер, әлейметтік қызметкер және психолог арасында мейіргер негізгі буын болып табылатын топтық жұмыс көрсетті. Сондай-ақ, қонақтар біздің медициналық мекеме қызметімен танысты, мейіргерлер, отбасылық және салалық дәрігерлер бөлмелеріне кіріп-шықты, сонымен бірге, Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің бөлмелеріне. Осы бөлім мамандары әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың рөлі туралы айтып өтті, патронаж мейіргерінің, Отбасыны қолдау орталығы бөлмелерін, супервизия және СӨСҚ мамандары мен қарау бөлмелерін көрсетті. Біздің қонақтардың келесі болған жері күндізгі стационар, босануға дайындау бөлмесі, педиатрия, Физио және Оңалту бөлімі, жедел және шұғыл көмек кабинеті, тіркеу бөлімі, акушерлік-гинекологиялық бөлім және т.б. болды.  Әрбір маман өзінің функционалдық қызметтерімен бөлісті. Қазіргі таңда №13 қалалық емхана денсаулық сақтаудың алғашқы деңгейінде медициналық санитарлық көмектің тиімді әлеуметтік-бағытталған модель енгізілген БМӘК-тің үздік ұйымының бірі болып табылатынын атап өтуіміз қажет. Мейіргерлер тұрғындармен медициналық-әлеуметтік жұмыс технологияларын қолданады, мейіргерлік патронаждық қызмет көрсетудің  әмбебап-үдемелі үлгісі бойынша жұмыс істейді.
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться