Токсиндік симптом және тыныс алу жолдары себебінен әр түрлі вирустардан пайда болатын асқынған респиральді сырқаттар мен тұмаудың көптеген ұқсас белгілері бар. Инкубациялық кезең, әдетте 1-2 күн созылады, алайда 5 күнге дейін созылуы мүмкін.
Бұдан кейін асқынған клиникалық белгілер пайда болады. Сырқаттың ауырлық деігейі көптеген факторларға тәуелді: жалпы денсаулық жағдайы, жасы, бұған дейін осы түрдегі вирусы бар науқаспен қатынасқанына. Осыларға байланысты науқаста тұмаудың төрт түрінің бірі дамуы мүмкін: жеңіл, орташа ауырлық, ауыр және гипертоксиндік. Симптомдар мен олардың күші сырқаттың ауырлығына тәуелді.
Тұмау вирусы тыныс алу жолдарында көбейіп, жыбырлағыш эпителияның бұзылуына әкеліп соғады, оның физиологиялық қызметі тыныс жолдарын шаңнан, бактериялардан және т.б. тазалау. Егер жыбырлағыш эпителия бұзылса, онда ол өзінің қорғау қызметін толық көлемде атқара алмайды және бактериялар кеудеге жеңіл өтіп кетеді. Осылайша, бактериялық үстеме жұқпа даму қауіпі пайда болады.
Тұмаудың асқынған түрінің жиі кездесетіні пневмония болып табылады, әдетте бұл екінші бактериялық үстеме жұқпа (Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae, или Staphylococcus aureus туындаған).
Аралас жұқпа түрі сирек кездеседі (вирусті және бактериялық пневмония). Бастапқы вирусты пневмания – бұл сирек кездесетін асқыну, жоғарғы өлім деңгейімен сипатталады. Егер тұмау вирустың жоғарғы уыттылық себебінен пайда болған жағдайда вирустың осы түрі пайда болады. Сонымен бірге, асқынған геморрагиялық пневмонияға алып келеді, 3-4 күннен артық созылады. Шынайы бастапқы тұмауратқан пневмония ең алдымен созылмалы жүрек және кеуде ауруларынан зақым шегетін, іргелес кеуденің жіті белгілері бар науқастарда байқалады.
— өзге қосымша бактериалық жұқпалары, тұмаудан кейін жиі пайда болады — ринит, синусит, бронх қабынуы, отит.
— Рей синдромы түріндегі асқыну тек балаларда ғана кездеседі (негізінен В тұмауымен ауырғаннан кейін), салицилдер қабылдағаннан кейін (оның ішінде ацетилсалицил қышқылы) және жиі лоқсумен көрініс тапса, мидың ісінуіне байланысты комаға алып келуі мүмкін.
- Жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан асқынулар көбінесе қария адамдарда кездеседі. Миокардит және перикардит пайда болуы мүмкін ( жүрек жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін жүрек бұлшық етінің қабынба ауру).
«В» түріндегі тұмаудан кейін бұлшық ет асқынуына әкелуі мүмкін, ол миозит және басқа да бұлшық ет ауруларында көрініс алады. Мұндай асқынулар балалар арасында жиі кездеседі және бірнеше күн бұлшық еттің ауруымен көрініс алады. Сонымен қатар нәжісте миоглобин көбейеді(миоглобинурия), бұл бүйрек қызметін жіті бұзылуына алып келуі мүмкін.
Кейде жіті көлденең миелит, менингит және энцефалит байқалады.
- Бактериалды суперинфекция. Тұмаумен әлсіреген ағзаға бактериялық жұқпа жиі отырады (пневмококктік, гемофильдік, стафилококктық).
- Тұмаудан кейін келесі тізімдегі созылмалы сырқаттар асқынуы байқалады: бронх демікпесі және созылмалы демікпе, жүрек-қан тамырларының ауруы, заттектердің алмасуы бұзылуы, бүйрек аурулады және т.б.
Тұмаудың алдын алу:
- Сырқат адамдармен байланысқа түспеу;
- Науқасқа 1 мертдей алшақ жүруге тырысу;
- Науқаспен байланысқан кезде маска кию;
- қолды сабынмен немесе жұқпаның таралуына жол бермеу үшін бактерияға қарсы құралдармен жуу;
- Бір реттік бет орамалдарды пайдалана отырып, жөтелу немесе түшкіру кезінде мұрын мен ауызды жабу;
- Адам көп жиналатын жерлерден алшақ болу (көз тартарлық іс-шаралар, жиналыстар, кездесулер);
- Тұрақты түрде бөлменің ауасын тазалау;
- Кір қолмен көз, мұрын мен ауызды ұстамау;
- Салауатты өмір салтын ұстану (дұрыс ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бар тағамдармен үйлесімді тамақтану ), бұл ағзаға кез-келген індентпен күресуге көмек береді;
- Тіркелген медициналық мекемеде егу алу.
Егер Сіз аурып қалсаңыз, онда:
- Айналаңыздағыларға қауіп төндірмес үшін және қауіпті асқынуларға ұшырамас үшін үйде қалыңыз.
- Төсекте жатыңыз;
- Сырқаттың алғашқы белгілерінде дәрігерді шақырыңыз;
- Бір реттік бет орамалдарды қолданыңыз, және қолданғаннан кейін бірден қоқысқа тастаңыз.
- Көбірек дәруменденген сұйықтық және сонымен қатар қызуды төмендету қасиеті бар мүкжидек, қызылжидек тұндаларын ішіңіз;
- Дәрігердің барлық ұсыныстарын орындаңыз және дәрі-дәрмектер қабылдаңыз, әсіресе вирусқа қарсы, егер Сіз өзіңізді жақсы сезініп тұрмын депойласаңызда;
- Өзіңіздің денсаулығыңызды қадағалаңыз, халіңіз нашарлаған жағдайда уақытылы дәрігерге жүгінуге және қажетті ем алуға.
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің аға мейіргері - Ельчибаева Гульзия Исымкановна