Қатысущылар №48 мектеп-лицейдің 9,10 және 11 сынып оқушылары. Семинар –тренингте интерактивті әдістер қолданылды: ойындар, жаттығулар, ақылдылар талқысы. Сонымен қатар №48 мекпет-лицей оқушылары «Н=Н» (“Анықталмаған деңгейде, демек - берілмейді”) ақпараттық науқаның қолдады. Алдын хабарлағандай Шығыс Еуропа және Орта Азия өңірлерінде «Н=Н» ақпараттық науқаны бастау алды. “АРВ-терапиясын қабылдайтын және вирус саны азайып, анықталмайтын деңгейге жеткен адамдардан АИТВ-инфекциясы басқа адамдарға берілмейді”.
Науқанның негізгі идеясы – осыған барынша адамдарды көбірек тарту арқылы оларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АИТВӨА) өзінің серіктесін жыныстық жолмен жұқтырмай, толыққанды әрі ұзақ өмір сүре алатындығы туралы ақпаратты жеткізу болып табылады.
Науқанның міндеті - берілген емді дұрыс қолданғанда, вирус азайып, анықталмайтын дәрежеге жететінін АИТВ-мен өмір сүруші адамдар мен халыққа жеткізу.
Ағзадағы вирустың саны төмендегенде АИТВ-ның жұғу қаупі төмендейді, осылайша өзіңе жақын адамдарды, соның ішінде жыныстық серіктестігіңді, өз денсаулығыңды сақтауға болады.
Іс-шара науқаны 16 қазан 1 желтоқсан аралығында өтеді. Науқанды кез-келген ниет білдіруші қолдай алады. АИТВ РО да оған қосылады және барлық қазақстандықтарды қосылуға шақырады. Балтамалық етуші https://life4me.plus/campaigns/nravnon/materials/ сайтына кіріп, “H=H” суретін жүктеп, оны қағазға шығарып немесе планшет/телефонда ашып, суретке түсіп, сондан кейін кез-келген #НравноН, #UequalsU, #НаукаВместоСтигмы, #ФактыВместоСтраха хэштегтерін қолданып сайтта/әлеуметтік желіге шығаруға болады.
Бұдан басқа, мұнда https://life4me.plus/campaigns/nravnon/statement/ анықталмаған деңгейдегі АИВТ-оң адам жыныстық жол арқылы АИТВ- жұқпасы берілуі мүмкін емес тиісті өтінішіне қол қоюға мүмкіндік бар. #ВИЧ #СПИД #AIDS #HIV #eecaac2018 #ЖОКСПИД2030 #РЦСПИДКазахстан