2017 жылдың 5 желтоқсан жұлдызында №13 Қалалық емханаға «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспектор Атшабаров Б.Н. және «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы филиалы кеңес беруші заңгер Шарипжонов А.С. келді. Олар емхананың үлкен конференц залында «ҚР денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық түсінігі» тақырыбында лекция жүргізді, оған шамамен біздің ұйымның 70 қызметкерлері қатысты. «Нұр Отан» өкілдерінің алғы сөзінен кейін 2012-2016 жж. аралығында медицина саласында жемқорлық үш есе артқаның атап өтті. 2017 жылдың басынан 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мекеме аралық сертификаттарды заңсыз беру фактілері, кард мәселелерін шешуде және медициналық қызметкерлер үшін аттестиция жүргізу кезіндегі жемқорлық – мұндай жағдайлар днсаулық сақтау саласында жиі кездеседі. Жемқорлықтың басты тәуекелі және күресу әдістерін талқылай келе, дәріскерлер мұның барлығы халыққа медициналық көмек көрсетуде жағымсыз әсер алып келеді деген қорытындыға келді. Жемқорлықты жоюдың басты және жалғыз әдісі ескерту – деген қорытындыға «Нұр Отан» өкілдері келді.