Жіктелуі.
Неліктен қант диабеті дамиды және ол не?
Сырқат 2 түрге бөлінеді:
1) Инсулинге тәуелді диабет (І түрі) инсулин ташлығынан пайда болады. Ұйқы безі зақымдалу нәтижесінде инсулин шығару қасиетін жоғалтады немесе оны болмашы мөлшерде шығарады. Көбінесе 30жасқа жетпеген арық адамдар аурады.
2) Инсулинге тәуелді емес диабет (ІІ түрі) ұйқы безі инсудинді толық және оданда артық көлемде шығарсада, ағза инсулинге деген сезімталдығын жоғалтуымен сипатталады. Негізінен 30жастан асқан толық адамдар аурады.
Қант диабеті болады:
- Жеңіл деңгелі (ешқандай асқынулар байқалмайды);
- Орта ауырлық деңгейі (көз, бүйрек және жүйке зақымдалады);
- Ауыр деңгейлі (ауыр дамыған асқынулардың саны көп).
Инсулинге тәуелді диабет жиі вирус індеті, аутоиммундық сырқаттар, күйзеліс жағдайлары нәтижесінде қалыптасады. Инсулинге тәуелді диабеттің дамуына негізінен семіздік, жүріс-тұрысы аз өмір салты және дұрыс тамақтандау әкеліп соғады.
Қант диабетінің басты себебі - генетикалық бейімділік. Сонымен қатар, оған себеп болуы мүмкін: дененің артық салмағы; ұйғы безінің аурулары; аутоиммундық бұзылулар; қан-тамыр жүйесінің аурулары; жүйке күйзелісі; жарақаттар, вирустық індет; егде жас; гармондық бұзылулар.
Қант диабетінің симптомдары:
Алғашқы белгілер. Әдетте ерлер мен әйелдерде қант диабеті білдіртпен, ептеп дамиды, сол себепті бастапқы кезеңде симптомдарды анықтау өте қиын. Анық диагностикаға тиісті талдамалар тапсыру қажет, қан құрамындағы глюкоза нормасы 1литрге 3,5- 6, 5 ммоль.
Егер сіз төменде көрсетілген бастапқы белгілердің бірнешеуін өзіңізде аңғасаңыз, сізге не дәрігерге жүгіну керек немесе өзіңіз қан құрамындағы қант деңгейін тексеру қажет.
Симптомдар қант диабетінің 1 түріне тән:
- полиурия – шамадан тыс несеп бөліну;
- полидипсия – шөлдей беру;
- шамадан тыс тәбетпен ілесетін тез арықтау;
- Сонымен қатар көрсетілген белгілерге қосылуы мүмкін :
- әлсіздікті сезіну;
- импотенция;
- етеккірдің кідіруі;
- қол-аяқтың ұйып қалуы;
- аяқтағы ауырлық;
- жұқпалы аурулардың ұзақ жазылуы;
- жараның ұзақ жазылуы;
- қажығандықты сезу;
- ұйқының бұзылуы;
- ашушаңдық және күгелектік;
- ауыз қуысында теміздің дәмі;
- фурункулез;
- жүрек аурулары.
Диабеттің ІІ түрі негізінен симптомсыз өтеді, бірақ жоғарыда тізілген симптомдар пайда болуы мүмкін.
Қант диабетінің асқынуы. Қант диабеті барысында іргелер келетін өзіндік асқынуларымен өте қауіпті.
Осложнения сахарного диабета. Особенно опасен сахарный диабет осложнениями, которыми всегда сопровождается протекание болезни. Қант диабетін асқынулар ауруы деп айтатыны босқа емес. Жасуша мен теріні өзгеріске ұшырататын құрамында қанты көп қан барлық ағзаларға таралу себебінен асқынулар пайда болады. Сондықтан диабетпен ауратын науқастар міндетті түрде қандағы глюкоза құрамын тұрақты қадағалау қажет. Жиі және жылдам глюкоза шоғырлануының тұрақсыздығы асқынулардың даму тәуелділігін жоғарлатады. Асқынулардың алдын алу оның ептеп дауымен қиындайды (10-15 жыл ішінде) және ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі білдірмейді. Ең қатты өзгеріске тамырлар ұшырайы, әсіресе көз түбіндег, бүйректегі, аяқтардағы, жүректегі және бас миындағы. Асқынуларды анықтау үшін диабетпен ауыратын барлық науқастар жыл сайын офтальмологтан тексерілуі қажет, ақуыз құрамына нәжіс талдамасын тапсыруы тиіс (бүйрек ауруын анықтау үшін), артериалық қысымды қадағалап, май алмасуды қадағалау қажет.
Барлық пайда болатын асқынуларды 2 топқа бөлуге болады:
- Жіті асқынулар, жылдам анықталады және коматозды күйге әкеліп соғады;
- Созылмалы, айтарлық ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда болады.
Диабеттік кома майдың толық ыдырамайтын өнімдермен уландырудан пайда болатын қант диабеті асқынулардың ең қауіпті түрі болып табылады. Оның сипаттары: нәжіс пен кеуде арқылы ацетон бөлінеді, әлсіздік пайда болады, лоқсу, құсу және ұйқышылдық. Егер науқас уақытылы қажетті көмек алмаса, онда ол есінен танады және коматозды күйге түседі. Созылмалы асқынуларға сырқаттардың үлкен бөлігі жатады, олады орналасуларына байланысты топтарға бөлуге болады:
- Көз аурулары: диабеттік ретинопатия - көз түбі тамырларының зақымдануы; суқараңғы ; глаукома; көз торының қыртыстануы;
- Бүрек және нәжіс шығатын жолдар аурулары; диабеттік нефропатия – бүрек тамырларының зақымдануы; бүйрек жетіспеушілігі; пиелонефрит.
- Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары: диабеттік ангиопатия – аяқ қантамырларының зақымдануы; атеросклероз; гипертония; жүректің ишемиялық ауруы; жүрек жеткіліксіздігі; инфаркт; инсульт;
- Тыныс алу жүйесінің аурулары: өкпе туберкулезі;
- Жүйке жүйесі аурулары: диабеттік нейропатия – сезімталдықты жоғалтумен сипатталатын жүйке жүйесіның аурулары; диабеттік энцефалопатия – бас миының зақымдануы;
- Аяқ-қолды зақымдайтын аурулар: Диабеттік табан; диабеттік қолдың білезік; аяқтың гангренасы;
Қан-тамыр асқынулары бөлінеді:
- Микротамырлық (бүйрек аурулары, жүйкенің зақымдануы, диабеттік ретинопатия);
- Макротамырлық (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары).
Қант диабетін диагностикалау.
Нақты диагнозды анықтау үшін қан мен нәжістегі қанттың құрамына талдау (бірнеше рет) жүргізу қажет. Кей жағдайларда нәжістегі ацетон құрамына талдау қажет болады. Үй жағдайында қандағы глюкоза деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін глюкометр аспабын алуға болады. Аш қарынға нормамен 1 литр қанға 6,1 мили моль глюкоза рұқсат етіледі, ал тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттан соң – 1 литр 7,8 мили мольдан артық емес. Концентрацияның артуы қант диабетінің дамуына мүмкіндік болуына куә. Нәжісте глюкоза нормада мүлдем болмауы керек.
Қант диабетін емдеу. Қант диабетін толық емдеу мүмкін емес.Ем асқынулардың алдын алу мен азайтуға бағытталған. Қант диабеті емделмесе де, ешқандай ыңғайсыздықты сезінбей онымен өмір сүруге болады.
Бірақ оған қажет:
- дәрігер эндокринологтың ұсыныстарын сақтау.
- Қандағы глюкоза құрамын бақылау
- Диета сақтау
- Дене жаттығуларын жасау
Қант диабетінің алдын алу. Қант диабетінің алдын алу әсіресе тәуекел тобына кіретін, тұқымқуалаушылық пен артық салмақ бар адамдарға қажет. Сырқаттың алдын алу үшін қажет:
- дұрыс тамақтану
- белсенді өмір салтын жүргізу;
- артық салмақпен күресу;
- құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар бар тағамдарды тұтынуды шектеу.
Врач по формированию здорового образа жизни , семейный консультант
КГП на ПХВ «Городская поликлиника №13» Акимата г.Астаны - Кабдошева Ж.Д