Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
11 желтоқсан Rixos hotel негізінде біріктірілген МСАК-ке инновациялық амалдар: «Қызылорда облысында жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға әмбебап-үдемелі үлгідегі патронаж жүргізуді енгізуді орындауда практикалық тәжірибе» тақырыбына қорытынды конференция өтті.
21.12.2017
Қорытында конференцияның мақсаты патронаджық мейіргерлік қызметтің әмбебап-үдемелі жүйе  нәтижесін және оны республикалық деңгейде әрі қарай енгізу ұсыну.
Конференцияның негізгі міндеттері:
- Қызылорда облысындағы МСАК деңгейінде патронаждық қызмет үлгісінің бастама нәтижесін ұсыну.
- 2018-2022жж. ішінде модельді ұлттық деңгейге енгізу стратегиясын талқылау.
Осы күннің басты тақырыбы: «Қызылорда облысында әмбебап-үдемелі патронаждық қызметтің бастама үлгісініне қорытынды жүргізу». Алғашқы сөз кезегі Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі - Юрий Оксамитныйға, Қазақстан Республикасы денсакулық сақтау министірі Елжан Биртановқа, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаты – Наталья Жумадильдаеваға, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаты –Зауреш Аманжоловаға берілді. ҚР ДСМ Кеңесшісі, №13 ҚЕ бас дәрігерінің орынбарасы Р.Абзалова «МСАК деңгейінде отбасыларға патронаждық қызмет көрсету жүйесінде әлеуметтік қызмет дамуының келешегі» тақырыбы бойынша сөйледі.
 
Конференцияның  соңында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінен, Денсаулық сақтау басқармасы саласынан, медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметін көрсетуші провайдерлардан қызығушылық білдірген  тұлғаларға негізгі жетістіктер мен ұлттық және өңірлік деңгейде әмбебап-үдемелі үлгіні енгізу бойынша тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды, сонымен қатар республикалық деңгейде әмбебап-үдемелі үлгіні енгізу бойынша ұлттық стратегиялық кілт іс-шаралар анықталды.
 
Қызылорда облысындағы 0 жастан 5 жас аралығындағы балалары бар отбасыларға және жүкті әйелдерге арналған патронажды әмбебап-үдемелі жүйені сынақтан өткізу туралы қысқаша шолу:
 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2015 жылдың екінші жартысында пилоттық режимде патронаждық сапарлардың әмбебап үлгісін енгізу туралы шешім қабылдады.
 
Отбасыларға қызмет көрсетудің тиімділігі мен көлемін арттыру мүмкіндіктерін ескере отырып, ЮНИСЕФ қазіргі патронаж жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын айқындауға және Қазақстандағы патронаждық жүйеге аралас, «әмбебап / прогрессивті» моделін ұсыну мүмкіндіктерін бағалауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін қолдады. Осы бағаға негізделе отырып, ресурстарды оңтайландыру, үйге барудың тиімді пакетін анықтау, БМСК мекемелерінде баратын қызметтерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын және тәжірибесін оңтайландыру, ғаламдық прогрессивті модельді енгізу үшін ресурстар пакетін дайындау, ұсынылған әдістерді жобалау және енгізу арқылы қазіргі әмбебап модельді өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер жоспары әзірленді.
2016 жылдан бастап екі қалалық емханада(№1 ҚЕ және №6ҚЕ)  және Жаңақорған ауылындағы емханада әмбебап  прогрессивті үлгінің пилоттық кезеңі басталды. Негізгі шарт патронаж қызметінің құрылымын қызмет көрсету сапасына қарай өзгерту, тек балалары бар үйлерге бару санымен шектелмей, патронаж мейіргерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және ЖТД-дің кәсіби құзіреттілігін қайта қарау,  патронаж мейіргерлерінің жаңа штаттық кестесі туралы бұйрық шығару, патронаждық жүйеге қатысатын қызметкерлердің жаңа функционалдық міндеттерін бекіту, үздіксіз оқыту және ішкі курация/супервизия жүйесін енгізу арқылы МСАК қызметкерлерінің кәсіби өсуіне қолдау көрсету.
2016-2017 жж. ішінде ЮНИСЕФ жобалық топ сарапшылары патронаж мейіргерлеріне, емхана басшыларына, әлеуметтік қызметкерлерге жүкті әйелдерге және 0 жастан 5 жас аралығындағы  балалары бар отбасыларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі үлгісінің 14 модулі бойынша  оқыту тренинг сериясын жүргізді, үйде пилоттық қызмет көрсетудің көрсетіш пен сапа бағасының бірыңғай құрылысын өндірді. 
 
 
БМСК қызметкерлерінің үздіксіз білім беру жүйесін құру және  өңірдегі патронаждық қызметтерді дамыту мақсатында Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2016 жылдың қазан айында өңірде патронаж  қызметті үйлестіру жөнінде Ресурстық орталықтың ашылуын бастамаға алды. Бұл орталық сондай-ақ облыстағы балалардың әл-ауқатына патронаждық БМСК қызмет көрсету жүйесінің қызметтер сапасын бақылайды және әсерін талдайды.
2016 жылы «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» (ҚазМҮББУ)  патронаж мейіргерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде 2 жылдық ҚазМҮББУ магистратурасына әмбебап-үдемелі үлгінің 14 модулі оқыту бағдарламасын бекітілді.
 
«Step by Step» (ISSA) Халықаралық Ассоциациясымен серіктестікте өңделген ЮНИСЕФ білім беру ресурсты модуліпатронаж қызметкерлері және акушерлерін оқытудың жаңа  стандарттарын дамыту үшін, сонымен қатар Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби кадрларды дипломға дейін және дипломнан кейінгі  бағдарламаларға кіруге негіз бола алады.
 
Оқыту бағдарламасын қайта құру медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдастыру құрылымдарын көшіреді, ол өз алдында  МСАК қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін және МСАК мейіргерлік қызметті ұйымдастырудың үздік  халықаралық тәжірибесін есепке алып балаларға көрсетілетін қызмет тиімділігін арттырады. Осылайша, «Қазақстанның медициналық колледж одағы» Заңды тұлғалар ассоциациясы қолдайымен 2018 жылдан модульдер бакалавриат, техникалық және кәсіби оқыту орындары мен  мейіргерлік кәсіби біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларына енгізілетін болады.
 
2017 жылдан  «Демеу» отбасылық медициналық оқу тәжірибелік орталығы»  (Астана қ. №13 ҚЕ) қолдауымен үйде патранаждық қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі моделін белсенді құру және дамыту жалғастырылды. Орталық мамандарымен отбасыларды сүйемелдей алгоритмі өңделді, ол өзге сектордағы мамандарту тартумен отбасыға қызмет түрі мен оның көлемін анықтауға көмектеседі: білім беру, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту орталығы, ювеналдық әділет, полиция, кіші және орта жеке тұлғалар бизнесі, МЕҰ, кризис орталықтары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы. «Демеу» ОМОТО» қолдауымен пилотты емханалардың әлеуметтік қызметкерлері кейс менеджмент әдістемелері (жағдайды басқару), қиын өмір жағдайына ұшыраған отбасымен жұмыста өзге ұйымдармен серіктесе жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті.
 
 
 
Қызылорда облысында жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалары бар  отбасыларға әмбебап-үдемелі үлгідегі патронаж пилотты жобасы аясында патронаж мейіргерлері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жаңа туылған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың денсаулығын,  баланы емізу мен дұрыс тамақтандырудыбағалау бойынша кәсіби құзыреттілігін бекітті, баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуын есепке ала отыра баланы тәрбиелеу мәселесінде ата-ананы кәсіби сүйемелдеу дағдыларын арттырды.  Үйге бару кезінде патронаж қызметкерлері  ДДСҰ стандарттарын және баланың ата-анасы мен қорғаушыларын белсенді  қатысуын қолданып нәрестелер мен ерте жастағы балалар скрининг, даму мониторингін жүргізеді.
 
Қысқаша мәлімет:
Қысқа уақыт ішінде (барлығы 15 ай) пилоттық жобаны қорытындысы патронаждың әмбебеп-үдемелі үлгісін қолдану технологиясының тиімділігін дәлелдеді.  2017 жылғы Қызылорда облысының ресми статистика деректеріне сәйкес жүкті әйелдерді ерте тексері көлемі 85.9 пайыздан 87.8 пайызға дейін көтерілді; осы уақытта нәрестелердің өлімі 14.4 пайыздан 8.8 пайызға дейін төмендеді 1 жылда  1 000 балаға; балалардың өлімі 17.7 пайыздан 12.1 пайызға төмендеді, 5 жасқа дейінгі 1 000 бала, басқаруға болатын себептерден бала өлімі төмендеді.
 
Пилоттық емхана нәтижелерін бағалау  деректері бойынша патронаж қызметкерлерінің алғашқы триместрдегі жүкті әйелдерді қызметпен қамту көлемі 27 пайызға ұлғайды;  денсаулығындағы қатерлі үш белгілер туралы білетін жүкті әйелдер бөлігі 63 пайызға көбейді. Тек қана еметін нәрестелер саны 14%-ға артты. Толықтай алғанда МСАК патронаж қызметімен  отбасылардың қанағаттану деңгейі 2016 жылғы деректемелермен салыстырғанда14 % артты.
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться