Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
26 желтоқсан жұлдызында №13 қалалық емханада ұйым қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
27.12.2017
 Жаңа жыл – ғажайыптар, шаттық пен сыйлықтар уақыты. Бұл отбасылық мереке жыл сайын Аяз атаны іздейтін және, әрине, сиқыр мен ғажайыптарға сенетін барлық балаларға өте маңызды және сүйікті. Жаңа жыл қарсаңында №13-ші емханада дәстүрлі балалар шыршасы өтті. үлкен акт залында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға біздің денсаулық сақтау ұйымының жұмысшыларының 30-ға жуық бала және олардың ата-аналары жиналды. Керемет безендірілген бөлмеде, экспозицияның ортасында  ойыншықтармен, жылтырақ және түрлі-түсті гирляндиямен безендірілген шырша және   жаныңда ұзындығы бойынша кем түспейтін Аяз ата  мүсіні орналасқан. Биылғы жылы біздің балаларымызды үлкен тосын сый және жаңа мерекелік шоу күтіп тұрды. Залдағы көңілді музыка мен отты билердің сүйемелдеуімен залда ең ғажайып қыс мезгілінің басты кейіпкерлері шықты – Ақшақар, Тышқан, келе жатқан 2018 жыл символы – Ит және Жалмауыз  кемпір. Зұлым Жалмауыз кемпір Аяз атаның сиқырлы кілтін ұрлап алғандықтан,  ол уақытында келе алмады. Оған көмекке оның немересі Ақшақар кетті. Бүлдіршіндер де шетте қалмай Аяз атаға көмектесуді шешті. Алайда бұл жеңіл боған жоқ. Балалар күш, ептілік, шеберлігі, жұмбақтар мен қыс туралы әндерді білу  бойынша сынақтан өтуге мәжбүр болды. Кішкентай тапқырлар барлығынан сүрінбей өтті, осы үшін Аяз ата оларға сыйлықтар, сондай-ақ әзілдер, ән мен би тарту етті
 
Жаңа жылдық шырша ересектер мен балаларға арналған сиқырлы мереке болды. Жаңа жылдық шараның барлық қатысушылары шыршаны айнала билеп, ән шырқап, би билеп, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты. Мереке барлығына бірдей ұнады және ешкімді бей-жай қалдырмады. Салтанатты шараның соңында балалар мен олардың ата-аналары естелікке суретке түсті.
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться