МӘМС Қазақстан Республикасына 2018 жылдың 01 қаңтардан бастап енеді және сақтандырылған Қазақстан азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты мекенжайына және кірісіне қарамастан медициналық және дәрі-дәрмекпен көмек барлығына тең қол жетімді. .
МӘМС жағдайында қандай медициналық қызмет түрлері көрсетіледі?
Екі медициналық қызмет пакеті болады. Бірінші – мемлекеттік барлық азаматтарына арналған мемлекетпен ұсынылған минималды негізгі пакет. Оның ішінде:
- Жедел жәрдем және санитарлық авиация;
- Әлеуметтік-маңызды сырқаттар мен шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек
- Алдын алу екпелері;
* Амбулаториялық-емханалық көмек – емханада емделу, дәрігердің қабылдауы, зертханалық қызметкерлер, диагностика және манипуляция.
*Стационарлық көмек – жоспарлы тәртіпке ауруханада емделу.
* Стационар алмастырушы көмек - күндізгі стационарда ем қабылдау;
* Жоғарғы технологиялық медициналық қызмет – күррделі және бірегей медициналық технологияларды қолданумен орындалатын медициналық көмек.
*Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету - амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде;
*Мейіргерлік күтім - басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдарға көмек көрсету;
* Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті жəне ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау..
МӘМС СІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
- Емделудің қолжетімділігі
Сіз кез-келген мемлекеттік жəне мемлекеттік емес клиника-ларда медициналық көмек ала аласыз. Бұл жерде Сізге медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі (дəрігердің қабылдауынан бастап, жан-жақты зерттеулер мен қымбат операцияларға дейін). Мұнда кеткен шығындарды Қор төлейді. - Сапалы медициналық көмек
Қор медициналық ұйымдарды іріктеуді өзі қадағалайды. Әр клиника Сізге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады, себебі Қор ауруханаларға жəне емхана-ларға көрсеткен сапалы медициналық қызмет үшін қаражат төлейді жəне олардың көрсетілуін қатаң бақылайтын болады. - Тегін жəне қол жетімді дəрі-дəрмектер
Сіздің мемлекет белгілеген ауру түрлері бойынша дəрілік заттарды тегін алуға құқығыңыз бар.
Сіз бұл дəрілік заттарды еліміздің кез-келген дəріханалары-нан ала аласыз жəне олар бұл дəрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты. Қор дəріхана қызметтеріне ақы төлеуді өз міндетіне алады. - Сіздің құқығыңыз бен мүддеңіздің қорғалуы
Егер Сіз емделген кезде емнің сапасы төмен болса немесе сізді емдеуден бас тартып жатса, онда Сіз Қорға жүгіне аласыз, Қор Сіздің құқығыңыз бен мүддеңізді қорғай алады. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексерулер жүргізіп, шаралар қолданылады. - Өз денсаулығыңыз жайында толық мəлімет ала аласыз
жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастыры-латын болады, осының шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Бұл жерде Сіздің емханаға келгеніңіз, стационарда емделгеніңіз, зерттеулер қорытындысы, анализдеріңіз, дəрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары туралы барлық ақпараттар болады.