Кенеттен сырғанау жиі қатты соққыға алып келеді, кейде сүйек сынуына дейін. Жарақатты үйде де, жұмыста да алуымыз мүмкін, алайда, барлық өзге жарақаттар ішінде қолдың сынуы алдыңғы орында, әсіресе қар кетпегенше. Түйсікке сәйкес құлау кезінде біз қолымызды алға шығарамыз және барлық соққының күші оған түседі. Осылайша, құлау кезінде тек қана қол буыны ғана емес, сондай-ақ, иық пен шынтақ буыны зақымдануы мүмкін. Жарақаттану күші, құлау кезінде қолдың қалыпы, құлаушының жасы және көптеген жағдайларға тәуелді, мұндай жарақаттар кезінде соғып алу, сіңірдің созылуы, сіңірдің үзілуі, буынның шығуы немесе сүйектің сынуына байқалады.
- қаншалықты дұрыс және уақылы алғашқы көмек көрсетілуіне байланысты аяқ-қол функциясын қалпына келтіру ғана емес, сонымен бірге адамның әрі қарайғы кәсіби функциясы мен оның өмірі тәуелді. Қуанышқа орай, әр қашан құлау сүйектің сынуымен аяқталдмайды, бірақ оны (мысалы, иықтың жоғарғы буын аяғының шығуы) тек маман шеше алады. Иық пен иық буынының соғылуында адам буынды қозғау және оны сипап қарау кезінде өте қатты ауырсынуды сезінеді (кейде тері астында қанталау көрінеді). Алғашқы көмек көрсетуде қол-аяқты қимылсыз қалдырып, оны бүктелген бинтқа қою қажет. Ауырсынуды басатын дәрілер көмегі арқылы ауырсынғанын жеңілдету немесе айтарлықтай ауырсынуды басуға болады. Зақымдану орнына мұзды қабық немесе өте салқын сумен толтырылған жылытқы қою қажет. Жарақаттың кең таралған түрі – аяқ-қолдың сынуы - түйсікке сәйкес құлау кезінде қолын алға шығарады және барлық дене салмағымен оған құлайды. Сол сияқты, аяқты дұрыс емес алға шығару сирақ аймағында сынады. Әйел адамдарда бұған өкшесі биік аяқ киім киюде әсерін тигідеді. Бұл аяқ киімде таю және құлау өте жеңіл. Егде жастағы адамдар қаңқа жас ерекшелігіне (сынғыштық, сіңір мен бұлшық ет қаңқасының икемділігінің төмендеуі) байланысты жиі өте күрделі зақымдар алады. Олар омыртқа мен жанбасын жиі сындырады. Егде жаста шағын соққыда сүйектің сынуына алып келуі мүмкін. Оның 95 % жағдайы әйелдерде кездеседі. Ікші және сыртқы факторларды ескере отыра, қыз мезгілінде өзіңізді жарақаттанудан қорғай аласыз. Егер алғашқы топ себептерін жиі біздің қолымыздан келмесе, алайда жиі зақымданатын адамдарға ішкі факторлар өзгерту қол жетімді. Қауіпсіз өмір сүру принциптерін, жолда жүру ережелерін сақтау және т.б. қажет екенін ЕСКЕРТЕМІЗ.
Қалай «дұрыс» құлау керек?
Егер құлайтыныңызды сезсеңіз, отыруға тырысыңыз – осылайша сіз құлайын деп жатқан биіктікті төмендетесіз. Бұдан басқа құлау сәтінде жинақталу қажет – иекті кеудеңізге тартыңыз, алақаныңызды ішіңізге қойыңыз, шынтағыңызды жаныңызға қысыңыз. Иығыңызды алға шығаруға және аяғыңызды бірге ұстауға тырысыңыз. Бұнымен тізені бүгу бірлесе жинақталуға мүммкіндік береді. Мұны орындау үшін негізгі талап – жарақаттанудан алдын ала қорықпау керек. Егер аяғыңыз тайып кетіп, сіз тепе-теңдікті жоғалтсаңыз, қандай жағдай болмасын, қолыңызды созып құламаңыз! Жинақталуға тырысыңыз және жаныңызбен құлаңыз. Осылайша, сіз омыртқаңызды, жанбасыңызды және аяқ-қолыңызды ауырлықтан қауіпсіздендіреді. Бұлл әдіс жасы 50-ден асқан адамдарға ұсынылады. Егер сіз арқаңызбен құласыңыз – иегіңізді кеудеңізге тартыңыз, ал қолыңыз барында кең ашуға тырысыңыз. Бұл сізді бас сүйек-ми зақымынан қауіпсіздендіреді. Егер тайғақ баспалдақтан құлап жатсаңыз, ең бастысы бас пен бетті қорғау: оларды қолмен жабуға тырысыңыз. Аяқ-қолыңызды жазып, құлауды тоқтатуға тырыспаңыз – бұл тек қана сындыру санын ұлғайтады.
Мүмкін болатын жарақаттардың қайлай алдын алу керек?
Жарақаттардың алдын алу олардың алдын алу саласына жатқызу мүмкін. Және барлық салада бар статистика көрсеткендей, бұл айтардықтай оның көлемін төмендетеді. Қысқы жарақаттанулардың алдын алу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: Табаны тегіс немесе өкшесі төрт бұрыш биік емес аяқ қиім киген абзал. Ең жақсысы егер табаны қырлы болғаны, ол сырғанамайды. Мұзтайғақта ереше жүру қажет - аздап сырғанап, кішкентай шаңғы тебушілер секілді. Мүмкінкіндігінде жай жүру қажет. Мұздың үстінде әдейі сырғанаудың қажеті жоқ – ол табанның мұздануын арттырады. Есіңізде болсын, жылдам жүрген сайын құлау қауіпі өте жоғары.
Жарақаттануға жақын егде жастағы адамдарға «мұздануға қарсы» арнайы табанды аяқ киімге жапсырып алу ұсынылады. Оларды тиісті сауда орталықтарында сатып алуға мүмкін. Спорттың экстремалды түрімен айналысқанда техника қауіпсіздігін сақтаңыз, барлық қажетті қорғау жабдықтарын (шынтаққап, тізеқап, шлем) қолданыңыз.
Балаларға шаңғы, коньки және шана тебу кезіндегі техникалық қауіпсіздікке үйрету өте маңызды. Баларға қажеттік барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұмытпа. Ересектерге балаларға алғашқы көмек көрсетуді білу қажет.Назар аудару мен байқампаздық жарақаттанудың алдын алу үшін негізгі құралдар, және тек қыстағы жарақаттарға ғана емес. Осы себепті далаға шығар алдында егер ауа райы «плюстан» «минусқа» немесе керісінше болғанда, өзіңіздің әр қадамыңызды бағалай жүріңіз! Есіңізде болсын, қысқы жарақаттанудың алдын алу – бұл сақтық пен абайлаушылық!
Алғашқы көмекті қалайша дұрыс көрсету керек?
Алғашқы көмектің мәні жарақаттың түріне тәуелді.
Соғып алу. Бұл жарақаттанудың жиі кездесетін түрі, қатты үшкір затпен соқтығысудан райда болады. Сыздау әдетте қатты емес, соқтығу сәтінде немесе одан ұзамай пайда болады. Ісік бірден пайда болады, ал қанталау бірнеше сағаттан кейін пайда болады. Терең тіннің жарақыттану кезінде 2-3 күннен кейі пайда болуы мүмкін. Соғылған аяқ-қолдың қызметі болмашы уақытқа шектеледі.
Соғып алу кезінде алғашқы көмек көрсету қан құйылу мен ауруды төмендетуге бағытталған. Басып тұратын дәкені байлайды және соғып алған орынды салқындатады (мұзы бар қалташа, салқын компресс, сулы майлық, салқын металды зат). Соғылған аяқ-қолды тыныштық қалпында қояды (қолды үшкіл ормалға іледі, буынды 8-тәрізді дәкемен, жақтаумен бекітеді). Көгерген жердің тезірек қайту үшін гепароид немесе троксевазинмен майлаңыз. Ол қанның ұйюына жол бермейді және соғылған жердегі ауру мен ішінуді тез басады. 0,25–0,5 % йод ерітіндісінен теріге «сетка» жасауда жақсы әсер береді. Әдетте 5 % йод ерітінді қаптамасына бұл үшін спирт қосы қажет. Басты, кеуде мен ішті соғып алу көрінбейтін зақымдалуларға әкелуі мүмкін, осыған байланысты дәрігермен кеңесі міндетті! Соғып алған жерде көгерудің пайда болуын бақылаңыз. Егер ол өзгеру барысында түсін қызылдан қызғылт, қызыл-қошқыл және көк түстен сары-жасыл түске өзгерсе онда барлыңы жақсы. Егер ол тек одан сайын қызарып немесе сонымен бірге ісік пен ауырсыну артса, онда іріңдеу басталғаны болуы мүмкін – жылдам дәрігерге көрініңіз.
Буынның шығуы (кез-келген буын құрамына кіретін сүйектер шетінің қатты шығып кетуі ) құлау, соқтығу кезінде пайда болады, ал кейде епсіз қозғалыста. Жарақаттану сәтінде өткір және қарқынды ауырсыну пайда болады – алғашқы сағаттарда. Қарапайым әрекеттерді орындау мүмкін болмайды. Буын формасын өзгерткен, оның пішіні сау кездегімен салыстырғанда өзгерген.
Алғашқы көмек көрсету ауырсынуды төмендету мен ісіктің дамуын тоқтатуға бағытталған. Бұл үшін буынға суық зат қояды және аяқ-қолды бекітеді (қолды үшкіл ормалға іледі, кеудеге қарай дәкелейді; ал аяқтың жан-жағына жұмсақ заттар қояды және сол қалыпта қалдырады). Содан кейін жәберлеушіні травпункт немесе ауруханаға жеткізу қажет. Қандай жағдай болмасын егер сіздің тиісті біліміңіз бен дағдыларыңыз болмаса, буынның шығуын өзіңіз түзетуге тырыспаңыз.
Сүйектің сынуы оның бүтіндігінің күшпен бұзылуын айтады. Сықтың жабық түрі – тері бетінің бұзылуысыз және ашық түрі – оның үзілуі. Кішкене ғана қозғалған кезде зақымдалған аяқ-қолдағы жіті ауру сыну туралы сезіндеріді. Осыған байланысты қозғалу мүмкін емес болады. Оның өсі өзгеруіне байланысты аяқ-қолдың тибиғи емес формалы болады және нәтижесінде бұлшық еттің ықшамдалады. Ашық сынуда әрдайым жара болады және кейде сүйек сынығының шеті көрініп тұрады.
Алғашқы көмек сынған аяқ-қолдың бекітіп және тыныш күйінде қою керек. Қол астында бар заттардан – таяқ, тақтай, үлкен шыбықтардан шендеуіш жасаңыз. Орамал, шарф, белдік көмегі арқылы оны шендеуішке көршілес екі буынды қосып байлаңыз. Мысалы, жіліншік сүйегі сынуы кезінде тізе мен табан буынын қамти шендеуішке бекіту қажет. Осылайша олар қозғаусыз тұрады және сүйек сынықтары ауырсынуға әкелетін айналасындағы теріні зақымдауға тайып кете алмайды. Санның зақымдануы кезінде шендеуіштің маңызы зор. Егер жақын жерде болашақ шендеуішті еске салатын ешқандай зат болмаса, онда жарақаттанған аяқты сау аяққа, ал қолды тоқпан жілік сынған жағдайда – денеге байлаңыз (дәкелеңіз). Тек қана осыдан кейін жараланушыны көлікке алып барып, ауруханаға жіберуге болады.
Қорытындыда барлықтарыңызға осындай жағдайларға түспеулеріңізді тілейміз. Және есіңізде болсын сіздің денсаулығыңыз алдымен сіздің қолыңызда. Өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.