Қар басып қалу – бұл 15м/секунттен асқан жел жылдамдығы кезінде еселеп қардың түсуіне және 12 сағаттан аса қардың түсу ұзақтығына байланысты гидрометеорологиялық апат.
Боран – ауаның жер бетіне жақын қабатына қардың желмен көшуі. Жаяу бұрқасын, төменнен соғатын жел және ортақ боран болып бөлінеді. Жаяу бұрқасын, төменнен соғатын жел кезінде алдын түскен қар қайта көшеді, ал ортақ боранда ерте түскен қармен қоса түсіп жатқан қарда көшеді.
Халық үшін қар басып қалу мен боранның қауіпі: жолдардың, елді мекендер мен жеке ғимараттардың қар басуы, қардың бұрқауы 1 метрден асуы мүмкін, жолдарда көру мүмкігдігі 20-50 метр, қала ішіде де, сыртында да көлік қатынасы қиындайды, сонымен қатар, ішінара жеңіл ғимараттар мен шатырларды бұзады, электр тасымалдау әуе желілері мен байланыс үзіледі. Адамдардың қолында қандай да бір заманауи технологиялар болғанымен, табиғи сұрапыл жағдайлардың алдын алуда оған әрқашан айтарлықтай күш керек.
Егер сіз қатты боран, қар басып қалу туралы забарландыру алсаңыз, терезе, есік, шатыр есігі мен желдету тесіктерін тығыздап жабыңыз. Терезе әйнектерін (егер сіз жер үйде немесе саяжайда болсаңыз) қағаз жолақтармен жапсырыңыз, терезе қақпағы немесе ернеулермен жабыңыз. Балконнан және терезенің алдынан ауа ағынымен жауап алынатын заттарды алып тастаңыз.
Радиоқабылдағыш пен теледидарды қосыңыз – олар арқылы жаңа маңызды ақпарат келуі мүмкін. Электр энергиясының өшу мүмкіндігіне дайындалыңыз. Жеңіл құрылыстардан мықты ғимараттарға ауысыңыз. Қар күреу құралдарын дайындаңыз.
Тек керек жағдайларда ғана далаға шығыңыз. Жалғыз жүруге жол берілмейді. Егер сізге ғимараттан шығу өте қажетті болса, онда қайда баратыңыз және қашан келетіңіз туралы отбасыңызға немесе көршілерге хабарлаңыз.
Егер боранда сіз жолда немесе автокөлікте қалсыңыз, тек қана үлкен жолмен және шоссе бойынша жүру қажетті.Көліктен шыққан кезде одан көру мүмкіндігі аясынан алыстамаңыз. Қар бұрқаннан өзіңіз шығуға тырычспаңыз.
Егер сіз елі жоқ мекенде жаяу келе жатып, бағдарыңызды жоғалтсаңыз бірінші кездескен үйге кіріңізде, сіздің орынласқан орныңызды нақтылаңыз, және мүмкіндігіне қарай боранның басылғанын күтіңіз. Егер сіздің күшіңіз таусылып жатса, баспана тауып, сонда қалыңыз.
Егер бұрқасында сіз ғимаратта бұғатталып қалсаңыз (жер үйде, саяжайда), байқап, абыржымай бұрқасыннан өзіңіз шыға алатын мүмкіндікті анықтаңыз (құралдар мен қол астындағы заттарды қолдана).
Жоғарылда айтылған ережелерді сақтасыңыз жеке қаіпсіздігіңіз, денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтауға көмектеседі.
Ең маңыздысы – бұл:
Назар мен сақтық ,еі негізгі себеп – бұл асығыстық.
Аяқ киім. Биік өкше қауіпті. Жазық табанда немесе өкшесі бейік емес жалпақ болғаны абзал. Табаны таймайтын ойлы-қырлы бетті табан болғаны жақсы.
«Тайғақсыздандыру» құралдар. Дүкеннен сатып алуға болатын жапсырманы алуға болады, сонымен қатар шеберханаларда аяқ киімге профилактика жүргізу немесе аяқ киімнің табанына лейкопластырь жапсыруға болады.
«Ерекше» қадам. Қыста абайлап жүру қажет. Қаншалықты тез жүрсеңіз, соншалықты құлау қауіпі зор.
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті сол жерде көрсетуге болады. Егер аяқ-қол жарақаттанған болса , онда ең алдымен оны шендеуіш арқылы бекітіп, қимылсыз қалдыру қажет, қолына көтерме таңғыш жасау қажет. Бұл үшін әрқашан жақан жердегі заттарды қолдана аласыз: тақтай, шарф, үшкір орамал.
Ісікті қайтару үшін , ауыруды сезіндіруді төмендету үшін соғылған немесе сынған жерге салқын зат қойған абзал. Бұл үшін қарда болады.
Жарақат алған жағдайда өз-өзінді емдеумен айналыспаңыз, міндетті түрде кейінге қалдырмай травмопункт, не мекенжай бойынша емханаға жүгініңіз.