Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Бүгін 30 қаңтар: Дүние жүзілік апелеспен ауратын науқастарға көмек көрсету күні. Апелеспен ауратын науқастардың құқығы күні.
01.02.2018
Дүние жэүзілік  апелеспен ауратын науқастарға көмек көрсету күні осы жаман кеселмен күреске өзінің барлық өмірін арнаған француз жазушысы, журналисті және ақыны Рауль Фоллероның көп жылдық күш салуы арқасында 1953 жылы бекітілді.  Рауль Фоллеро Қайымдылық орденін (1948) және Еуропалық алапеске қарсы ассоциация федерациясын (1966) құрды.  Тіпті оның тірі кезінде ол «ХХ ғасырдың Әулие Франциска» атағына ие болды. 30 қаңтар Дүние жүзілік  апелеспен ауратын науқастарға көмек көрсету күні деп есептеледі. Бұл күнді сондай-ақ «Апелеспен ауратын науқастардың құқығы күні» деп те атайды. Осы күннің негізі ұраны: алапеспен ауратын науқастар адамдарға кемсітушілдік қарым-қатынастыпен күрес, қоғамда  толыққанды өмір сүру, әлеуметтік-экономикалық  қайта бейімделу үшін оларға барлық құқықтар мен мүмкіндіктерді ұсыну. Медициналық жоспарда жалпы денсаулық сақтау қызметіне лепрологияны толық енгізу міндет қойылады. Алапес – ерте заманнан келе жатқан аурулардың бірі. Ол туралы ескі өсиетте айтылады.  Алапес (Хансен ауруы, хансеноз, хансениаз) -  созылмалы гранулематоз, терінің, жүйке тамырларының шеткі жүйесінің және ағзаның өзге жүйелерінің  зақымдануына алып келетін  жұқпалы ауру.  Алапес – адамзатына таныс ең көне ауру.  Соған қарамастан, алапес науқаста қарапайым тиіп келуінен берілмейді және әрдайм өлімге әкелмейді. Медицина қызметкерлері  арасында  алапестің таралуы ұзақ уақыт тікелей терімен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатыны баяғыдан  белгілі.  Алайда көпетеген заманауи зерттеушілер науқастың мұрын және ауыз қуысынан ауаға түсетін бактерияны демалу кезінде жұқтырып алуға мүмкін деп есептейді. Дегенмен, заманауи медицинаның жетістіктері арқысында жаман кеселден шамамен 14 млн. адамның өмірі  сақталып қалды. Қазіргі таңда алапесті әлемдегі 100 мемлекет толық жеңді деп батыл айта аламыз.  1981 жылы алғаш қолданылған полихимиотерапия және 3 түрлі антибиотиктермен емдеу емдеудің ең тиімді әдістері болып табылады , олардың нәтижесінде таяқшалы бактериялар жойылады. Көбінесе емнің табыс кепілі сырқатты жағдайды алдын ала анықтау болып табылады.  Әлі де көптеген мемлекеттерге алапес қоғамдық денсаулық сақтауда өте күрделі мәселе болып табылады (Үндістан, Индонезия, Бангладеш, Бразилия, бір қатар Орта Африка мемлекеттері және т.б.), ал кейбір мемлекеттерде сырқаттың өсуі байқалады. Алапестің алдын алу әдісі қазіргі уақытта жоқ Алайда, алапестің өлген микобактерияларын құрайтын вакциналарды жетілдіру бойынша елешекті зерттеулер жүргізілуде .
 
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться