Артериялық қысым
Артериялық қысым – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әртүрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең жоғарға (максималды) қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал төмен (минималды) қысым жүрек жалпы босаңсығанда болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының (пульстік) қысымы деп аталады.Артериялық қысымның жоғарлауы неде?
- Алкогольді және шылым шегуді шамадан тыс қолдану;
- Жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз қабылдау;
- Стресстік, кернеу, артық салмақпен байланысты;
- Басқа да аурулар және туа біткен аурулар;
- Алкогольді және темекі шегуді азайту немесе мүлде тоқтату. Алкоголь өнімдерін тұтынуды азайту, сондай-ақ никотиннен бас тарту, қан тамырларына және қан қысымына жағымды әсер етеді.
- Дене салмағын қалыпқа келтіру. Қысымды қалыпқа келтіру үшін дене салмағының 25 кгс / м2 денгейін және ерлердің белдеуінің ұзындығы 102 см-ден төмен және әйелдерде 88 см-нен төмен болуы керек.
- Белсенді өмір салты. Дене белсенділігінің артуы қан айналымын жақсартады.
- Дұрыс тамақтану. Жемістер мен көкөністерді, өсімдік тағамдарын, дәнді дақылдарды, сүт өнімдерін күнделікті қолдану қан қысымын төмендетуге оң әсер етеді.