Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?
⠀
Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
⠀
1. Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
2. Емханаларда қызмет көрсету (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
3. Диагностика және емдеу:
• әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер);
• негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.);
• айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
⠀
Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
⠀
Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
⠀