Шунгульшин Қожахмет Муратович, екінші біліктілік санатты эпедимиолог дәрігер
«Медицианалық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірді. «Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина», «Медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалардың заманауи ерекшеліктері, күресу мен алдын алудың жаңа технологиялары», «Инфекциялық бақылаудың көкейтесті мәселелері», «Эбола қызбасы кезіндегі биоқауіпсіздіктің тәжірибелік сұрақтары», «Екпе жасауға дайындық», «МКБЖ. Қолды гигиеналық тазартуға назар аудару. Құрал-саймандардың бетін тазарту. Тәуекелдерді азайтудың заманауи жүйелері», «Босандыру және балалар қызметінің ұйымдарында халықаралық технологияларға сәйкес инфекциялық бақылау сұрақтары» тақырыптары бойынша оқудан өтті.
Аяпова Асель Қайрединқызы, екінші екінші біліктілік санатты жұқпалы бақылау жөніндегі мейіргер
«Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша Астана қаласының медицина колледжін бітірді. «Ауруханаішілік жұқпалардың өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.