1. 2025 жылғы 11 шілдедегі қадағалау кеңесінің хаттамалық шешімімен ШЕШІЛДІ:
- Кәсіпорынның қадағалау кеңесінің Төрағасы болып Али Александрович Нургожаев сайлансын.
- "Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ уәкілетті органының кәсіпорын директоры Ляйла Лухмановна Закарьяновамен 2025 жылғы 12 қыркүйектен бастап еңбек шартын бұзу туралы ұсынысы келісілсін.
- 2025 жылдың 06 айында медициналық бөлім бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті қабылдау.
- Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет қаражатын және қосымша көздерден алынған қаражатты пайдалану жөніндегі есеп қабылдансын.
- Кәсіпорынның даму жоспарының жобасы 2025 жылға ауыстырылсын және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескере отырып, оны ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жергілікті уәкілетті органға ұсынылсын.
- Комплаенс-офицердің 2025 жылдың 06 айында атқарған жұмыс туралы есепті қабылдау.
2. 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қадағалау кеңесінің хаттамалық шешімімен ШЕШІЛДІ:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» №113 бұйрығының 3-қосымша 3-тарауының 23 тармағына сәйкес 2025 жылғы 12 қыркүйектен бастап Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» МКК Қадағалау кеңесінің тәуелсіз мүшесі Жанерке Рахимбаевна Ажетованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
_____________________________________