"Елордалық медициналық мекемелер мен персоналдар короновирусқа күдігі бар насқаутарды қабылдауға дайын.
Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология орталығының базасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, коронавирус инфекциясымен науқастарды госпитализациялау үшін 150 төсектік қосымша инфекциялық бөлімше дайындалды...",- деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орвнбасары Әлия Рүстемова. Айта кету керек, фтизиопульмонология орталығы қаланың шетінде орналасқан.
Қоғамдық денсаулық басқармасымен коронавирус инфекциясы бойынша алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген 10 бірлік мөлшерінде резервтік жедел жәрдем анықталды.
Коронавируспен ауыратын науқастарды тасымалдауға және шақыру қызметіне қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімі жасалды. Нақты жол бағыттары анықталып, науқастарды тасымалдау үшін жолдардың барлығына, әсіресе аэропорт, темір жол вокзалдарынан, қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, №9 қалалық емхана базасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының КИ-дың алдын алу және анықтау жөніндегі call-орталығы іске қосылды.
Сонымен қатар, қалалық емханадан дәрігерлер, ОМҚ, жүргізушілерден туратын 12 бригада құрылып, қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді. Барлық емханаларда фильтр кабинеттерінің жұмысы күшейтілді.