Русский
Қазақша
A
A
A
қоңырауға тапсырыс беру
Бас  / Жаңалықтар
Жаңалықтар
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі — 8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
 Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйсе құлай сүйетін, нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер, мерекелеріңіз құтты болсын!
 Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін, асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар, дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар. Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Сеніммен №13 қалалық емхана ұжымы!
 
17.03.2017
Дәрігер оңалтушы-физиотерапевт Жандаев Ж.К. Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, 2016ж. Іле Алатау тауларына спорттық-туристік жорықтың қатысушысы болды. Бұл туралы толығырақ біздің мақалада ...
16.03.2017
Астана қаласы әкімдігінің «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығында 16.03.2017 ж. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күні шеңберінде және туберкулез профилактикасы айлығы аясында «Туберкулез. Ескерту шаралары» атты «Ашық есік күні» өтті.
14.03.2017
7 наурыз үлкен конферент залда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Ерлер ұжымы «Демеу» Орталығының әйелдер қауымына мерекелік шоу ұйымдастырды. Орталықтың бұрынғы ер қызметкерлері біздің сұлуларға қызықты да, көңілді көріністер дайындағандары көңілді көтерді.
14.03.2017
2017 жылдың 15 ақпан күні Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№2 Қалалық балалар емханасы» МКК негізінде Шаихова Алия Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде Ұлттық бюро Департаменті маманымен, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медициналық оқу-тәжірибелік орталығы» МКК қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
27.02.2017
21 ақпан Астана қаласы №27 мектеп негізінде 7-ші сынып оқушыларына арналған алдын-алу әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімімен «Балалар семіздігінің алдын алу» тақырыбына семинар өтті.
20.02.2017
17 ақпан «Алау» мұз сарайында 2017-2019 жылға арналған ҚР денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қ. медициналық ұйымдар арасында Спартакиада – 2017 ашылу салтана өтті.
14.02.2017
Құрметті емделушілер!
13.02.2017
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні және оған орайластырылған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау бойынша онкүндік аясында 6-шы ақпанда «Демеу» Орталығында «Қалқанша без және ауыз қуысы қатерлі ісігі» тақырыбында семинар жүргізілді.
13.02.2017
3 ақпан Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің СӨСҚ жөніндегі мейіргерімен «Нашақорлықтың алдын алу, ҚР–дағы статистика» тақырып бойынша №27 мектеп-лицей 7-10 сынып оқушыларына семинар ұйымдастырылды.
07.02.2017
2017 жылы 7 ақпанда «Демеу» Оқу-тәжірибелік Орталығын ҚР Президентi Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасынан әріптестеріміз ұйымның қызметімен біздің қызметкерлерді таныстыру мақсатымен келді.
01.02.2017
2017 жылдың 23-27 қаңтар аралығында "Демеу" Орталығы негізінде ЮНИСЕФ-ның қолдауымен ұлттық сарапшылары Бабаева Б.Н., Ким Н., Есимов Д. Г. бірлесе "Патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-үдемелі үлгісі" бойынша Астана қ., Орал қ., Тараз қ., Семей қ.және Қызылорда қ. келген 40 отбасылық дәрігерлер, отбасылық мейіргерлер, патронаж мейіргерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үшін оқыту жүргізілді, олардың ішінен 24 маман «Демеу» оқу-тәжірибелік Орталығынан.
27.01.2017
Бүгін біз жоғары білік санаттағы отбасылық дәрігер Мамбетова Маншүк Нарибайқызын туылған күнімен және зейнетке шығу күнімен құттықтаймыз.
23.01.2017
1-ші ақпаннан бастап «Демеу» Орталығында онкологиялық аурулардың алдын алу жөнінде онкүндік бастау алады.
19.01.2017
Құрметті пациенттер!
13.01.2017
Баспасөз хабарламасы
01.01.2017
28 желтоқсанда «Демеу» Орталығында орталық қызметкерлерінің бүлдіршіндері үшін жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
123456789101112
13
1415161718
Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз және денеңіз
— басты мақсатымыз
Наверх
Написать в чат
Сообщение сайта
Заказ обратного звонка
Жду звонка
Перезвонит первый освободившийся оператор.
Запись на прием
Записаться